Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“1 Я сыныбы” - Қазақстанда бір мектепте 42 бірінші сынып ашылған

“1 Я сыныбы” - Қазақстанда бір мектепте 42 бірінші сынып ашылған
Фото: ашықдереккөз

Кадрларда ата-аналар күтпеген жайтқа куә болған: бір мектепте бірден 42 алғашқы сынып ашылып, олар қазақ әліпбиінің «А»-дан «Я»-ға дейінгі әріптерімен белгіленген. Тараған бейнежазбаларға қарағанда, мұндай жағдай тек бір білім ордасында ғана емес, еліміздің бірнеше өңірінде байқалған.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл құбылысты әзіл-шыны аралас «карантин балалары» деп атап жүр. Дегенмен биылғы бірінші сыныпқа барғандар — 2018–2019 жылдары дүниеге келген балалар. Ал 2020 жылы енгізілген карантин кезінде туғандар мектепке тек 2026–2027 жылдары барады.

Бұл оқиға қоғамда екі түрлі пікір қалыптастырды: бір бөлігі халық санының артып жатқанына қуанып отырса, енді бірі мектептердегі орын тапшылығы мен мұғалімдерге түсетін қосымша салмаққа алаңдаулы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.