Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33% қымбаттайды

1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33% қымбаттайды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі. Алайда Энергетика министрлігі бағаның күрт қымбаттауын күтпейді. Бұл туралы жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі деп күтіп отырмыз. Бұл жылыту маусымынан уақтылы өтуге және газ инфрақұрылымын жаңғыртуға қажетті қаражатты қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Бұдан басқа қандай да бір күрт баға өсімі болады деп күтпейміз», – деді Тұтқышбаев.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы төрт айда Теңіз кен орны мен басқа да кен орындарындағы техникалық ақауларға байланысты Қазақстанда газ өндіру көлемі азайған.

Соған қарамастан, оның сөзінше, бұл жағдай халықты газбен қамтамасыз етуге әсер еткен жоқ. Өйткені ұлттық оператор QazaqGaz тұтыну қажеттілігін транзиттік газ есебінен қамтамасыз етіп отырған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.