"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 52 мың теңге болады

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 52 мың теңге болады

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл жоғары оқу орындары студенттері қанша теңге көлемінде шәкіртақы алатынын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Вице-министрдің айтуынша, жалпы стипендия мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда екі есе өскен.

"2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттеріне – 52 372 теңге, педагогикалық мамандықтар студенттеріне – 84 000 теңге, магистранттарға – 117 098 теңге, докторанттарға – 262 500 теңге стипендия төленеді", – деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінген, оның ішінде 77 мыңнан астамы жоғары білімге арналған. 

"Конкурс қорытындысы бойынша гранттардың 99% игерілді. Қазіргі кезде барлық ЖОО-ларға қабылдау аяқталды", – дейді Гүлзат Көбенова.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.