1 қыркүйекте мектепте мұғалімдерге гүл сыйлауға тыйым салынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

1 қыркүйекте мектепте мұғалімдерге гүл сыйлауға тыйым салынды

1 қыркүйекте мектепте мұғалімдерге гүл сыйлауға тыйым салынды
Фото: aikyn.kz

Биыл 1 қыркүйекте мектеп аумағында мұғалімдерге гүл мен түрлі сыйлықтар беруге рұқсат етілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, тиісті талап жазылған хаттар жергілікті атқарушы органдарға жолданған.

«Мектеп аумағында мұғалімдерге гүл сыйлауға және қандай да бір сыйлық беруге жол берілмейді. Біз бұл талаптың нақты мектеп аумағына қатысты екенін көрсеттік. Бірінші сынып оқушыларына да гүл сыйлаудың қажеті жоқ», – деді Шынар Ақпарова.

Бірінші вице-министр 1 қыркүйекте мектептерде дәстүрлі форматтағы сынып сағаттары өтуі керектігін атап өтті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.