Дәрігерлер дабыл қағуда

0

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шаһарда сальмонеллез ауруының екі есе өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Департаменттің мәліметінше, бұл ауруды жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалар саны 25 пайыз болған.

«2024 жылдың алғашқы алты айында Алматыда сальмонеллезбен ауыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1,40 болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі 0,67 көрсеткіштен екі есе жоғары», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, аурудың көп бөлігі дайындау технологиясы мен сақтау шарттарына (құс еті, ет және сүт өнімдері) сәйкес келмейтін, үйде дайындалған сапасыз өнімдерді тұтынған жағдайда пайда болады. Сондай-ақ жеке гигиенаны сақтамау салдарынан екен. Кейде қоғамдық орындардан тамақтанған кезде пайда болады дейді.

Осыған байланысты эпидемиологтар тұрғындарды келесі профилактикалық шараларды сақтауға шақырды:

дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және тамақ дайындау алдында қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу, бұл қолмен жанасу арқылы инфекцияның берілу қаупін азайтуға көмектеседі;

бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін тағамды тоңазытқышта төмен температурада сақтау, сақтау кезінде дайындалған және шикі тағамдардың көршілестігін қадағалау, пісірілген және шикі тағам үшін жеке тақтайлар мен пышақтарды пайдалану;

тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін қадағалау;

шикі сүтті және шикі сүттен жасалған сүт-өнімдерді тұтынудан аулақ болыңыз, тек пастерленген немесе қайнатылған сүтті ішу;

құрамында кремді кондитерлік өнімдер мен торттарды тек балғын күйінде тұтыну, оларды тоңазытқышта өндірілген сәттен бастап 24 сағаттан артық сақтауға болмайды;

рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет, ет өнімдерін, құс етін, жұмыртқаны, сүт-сүт өнімдерін сатып алмаңыз;

тағамды дұрыс пісіру, оны мұқият термиялық өңдеуден өткізу, шала пісірілген тағамды, шикі жұмыртқаны жеуге болмайды;

көкөністерді, қарбыздар мен қауындарды, сондай-ақ тауық жұмыртқаларын ағынды судың астында мұқият жуу;

жүзу кезінде тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылу, суды жұтпауға тырысу қажет;

үстел мен ас үй ыдыстарын, тұрмыстық заттарды, балалар ойыншықтарын таза ұстау.

Сальмонеллез – нәжіс-ауыз берілу механизмімен берілетін жедел жұқпалы ауру, жыл бойы кездеседі, бірақ көбінесе жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуіне және азық-түлікті сақтау шарттарының бұзылуына байланысты тіркеледі.

«Сальмонеллездің белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Өзін-өзі емдеуге болмайды», – дейді департамент.