Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бейсенбеков Бақыт Рыскелдіұлы өңірлік конкурстық комиссияның шешімімен Алматы облысындағы «Үздік ауыл әкімі» атанды. Ол байқауда бес ауылдың әкімінен үздік боп шыққан. Естеріңізге сала кетейік, «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының мақсаты жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және марапаттау. Бақыт Рыскелдіұлының айтуынша, 2010 жылы еңбек жолы кіндік қаны тамған жерден ауыл әкімі болып бастаған. 2021 жылдың сәуір айында Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі боп сайланды. Айта кетерлігі ауылдық округте жергілікті халықтың әл-ауқатын, материалдық жағдайын, халықтың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Ауылда 2,5 мың тұрғын болғанымен, жұмыс көлемі і 55 мыңға жуық адам тұратын ауылдық округтермен бірдей. Бүгінде өңірде тұрғындарды үймен қамтамасыз ету бмақсатында жұмыстар жүргізілуде, ауылдық округте көппәтерлі үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Алты бес қабатты үйлердің құрылысы аяқталуға жақын және үш бес қабатты үйлерге арналған қазаншұңқырлар салынуда. Сондай-ақ, Ұзынағаш ауылдық округінің үлкен проблемасы 1970 жылы салынып, 90 пайызы тозығы жектен кәріз жүйелерінің мәселесі де басты назарда. Сонымен қатар, үш ауысымды мектептерді болдырмау үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір 1500 орындық мектеп салынып жатыр, 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ұзынағаш ауылында барлығы 8 мектеп бар, олар 120% — ға жүктелген, сондықтан 600 орындық бір мектепті салу жоспарда ба», — деп атап өтті ауыл әкімі. Әкім Ұзынағаш ауылының тұрғындарын кәріз желісімен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отыр. Айта кетерлігі кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 21,8 шақырым, сүзгі алаңының ауданы 14 га. Ауылда 2021 жылдан бастап, кәріз жүйелерін қайта құру және салу жобасы дайындалуда. Бүгінде сараптамаға беріліп, жоба құны шамамен 7 млрд теңгеге жеткен. Аясында ауданы 130 га сүзу алаңдары және ұзындығы 81 шақырым кәріз желісі салынбақ. Жаңа кәріз жүйесі 100 бюджеттік және әкімшілік ғимарат пен жеке қосалқы шаруашылықтың 5 мың ауласына қызмет көрсетуге есептелген. 10 мыңнан астам үй кәріз желісімен қамтылады деп күтілуде. Сондай-ақ, ауылдық округті сумен жабдықтаудың үшінші кезегі аяқталған. 2024 жылға қарай ауыл 100 процент таза ауыз сумен қамтылмақ Тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Алдағы уақытта көше жарығын қайта құру, жаңа құрылыстарды толық электрлендіру, саябақты қайта құру сынды басқа да жұмыстар атқарылмақ.

0
16

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бейсенбеков Бақыт Рыскелдіұлы өңірлік конкурстық комиссияның шешімімен Алматы облысындағы «Үздік ауыл әкімі» атанды. Ол байқауда бес ауылдың әкімінен үздік боп шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының мақсаты жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және марапаттау.

Бақыт Рыскелдіұлының айтуынша, 2010 жылы еңбек жолы кіндік қаны тамған жерден ауыл әкімі болып бастаған. 2021 жылдың сәуір айында Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі боп сайланды.

Айта кетерлігі ауылдық округте жергілікті халықтың әл-ауқатын, материалдық жағдайын, халықтың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Ауылда 2,5 мың тұрғын болғанымен, жұмыс көлемі і 55 мыңға жуық адам тұратын ауылдық округтермен бірдей. Бүгінде өңірде тұрғындарды үймен қамтамасыз ету бмақсатында жұмыстар жүргізілуде, ауылдық округте көппәтерлі үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Алты бес қабатты үйлердің құрылысы аяқталуға жақын және үш бес қабатты үйлерге арналған қазаншұңқырлар салынуда. Сондай-ақ, Ұзынағаш ауылдық округінің үлкен проблемасы 1970 жылы салынып, 90 пайызы тозығы жектен кәріз жүйелерінің мәселесі де басты назарда. Сонымен қатар, үш ауысымды мектептерді болдырмау үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір 1500 орындық мектеп салынып жатыр, 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ұзынағаш ауылында барлығы 8 мектеп бар, олар 120% — ға жүктелген, сондықтан 600 орындық бір мектепті салу жоспарда ба», — деп атап өтті ауыл әкімі.

Әкім Ұзынағаш ауылының тұрғындарын кәріз желісімен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отыр. Айта кетерлігі кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 21,8 шақырым, сүзгі алаңының ауданы 14 га. Ауылда 2021 жылдан бастап, кәріз жүйелерін қайта құру және салу жобасы дайындалуда. Бүгінде сараптамаға беріліп, жоба құны шамамен 7 млрд теңгеге жеткен. Аясында ауданы 130 га сүзу алаңдары және ұзындығы 81 шақырым кәріз желісі салынбақ. Жаңа кәріз жүйесі 100 бюджеттік және әкімшілік ғимарат пен жеке қосалқы шаруашылықтың 5 мың ауласына қызмет көрсетуге есептелген. 10 мыңнан астам үй кәріз желісімен қамтылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, ауылдық округті сумен жабдықтаудың үшінші кезегі аяқталған. 2024 жылға қарай ауыл 100 процент таза ауыз сумен қамтылмақ Тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Алдағы уақытта көше жарығын қайта құру, жаңа құрылыстарды толық электрлендіру, саябақты қайта құру сынды басқа да жұмыстар атқарылмақ.