«Саламатты Қазақстан» техникамен жабдықталған медициналық пойызы Алматы облысында іске қосылды
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жоспар бойынша Алматы облысын аралап, жоғары білікті медициналық көмекке қол жетімсіз шалғайдағы станциялардың тұрғындарын емдейтін болады. Медициналық пойыз, медициналық бөлімдері жоқ ауылдардағы азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалған.
Жоспарға сәйкес тұрғындар: терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқа да тегін тексеруден және емдеуден өте алады. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, сымсыз ғаламторға қолжетімді құралдарымен жабдықталады деп күтілуде.