Облыстық білім басқармасымен бірлесіп І-хаб құру мәселелері талқыланды

0

Бүкіл әлемде IT-технологияларды дамытудың маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде тапсырманы орындау мақсатында Басқарма облыстық Білім басқармасымен бірлесіп Алматы облысында жұмыс істейтін колледж базасында І-хаб құру, сондай-ақ бағдарламалау мектебін ашу мәселелері талқыланды. Бұл жастарға өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға, қалада шығармашылық мәдениетті қалыптастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ болашақ  IT салаға инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.