Алматы облысының халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылды
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде облыс халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында облыстың цифрлық технологиялар басқармасы мен «Казахские домашние сети» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы www.gov.kz сайтына сілтеме жасап. «Казахские домашние сети» ЖШС өз қаражаты есебінен облыстың ауылдары мен қалаларының тұрғындарына ай сайынғы абоненттік төлеммен талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетті жеткізуді жоспарлап отыр.