Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бизнес-процестерін зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді

0

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бизнес-процестерін зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді. Талдау барысында облыс аумағында салынып жатқан объектілерді бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру мәселелері талқыланып, басқармамамен көрсететін мемлекеттік қызметтер зерделенді. Сондай-ақ, мамандардан «eQurylys» ақпараттық жүйесін және «eOtinish»азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар алынды.