Алматы облысының  цифрлық технологиялар басқармасы  «ASTEL» компаниясымен меморандумға отырды

0

Алматы облысының тұрғындары үшін телекоммуникациялық қызметтерге қол жетімділік арта түспек.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы күні кеше «ASTEL» акционерлік қоғамымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екі жақты қамтыған бас құжатта Қонаев қаласының және облыстың барлық аудандарының тұрғындарын телекоммуникациялық қызметтерге қосу жоспарлануда.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос ақылдаң сөзіне сүйенсек, ынтымақтастық интернетті пайдаланушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге  мүмкіндік бермек.
Қос тарапты біріктірген құжаттағы көзделген істер жүзеге асатын болса, таяу болашақта ақпараттық қоғамның маңызды коммуникативтік арналарды  дамытуға ықпал ететін болады.

Айта кетейік, «ASTEL»  акционерлік қоғамы цифрлық шешімдер мен телекоммуникация қызметтерінің провайдері болып табылады және  Қазақстанның аса ірі телеком-операторлары қатарына кіреді.

«ASTEL» АҚ-ның  негізгі атқаратын міндеті- цифрлық жобалар мен байланыс шешімдерін енгізу арқылы өз  клиентке жеке тәсілдеме қолдану және қызметтерді үздіксіз жетілдіріп отыру.

Аталмыш компанияның қызметі жеке KazNet мультисервистік желісі базасында байланыс қызметтерінің кең ауқымын ұсыну, сондай-ақ ірі интеграциялық жобаларды әзірлеу, жобалау, іске асыру және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу болып табылады.

Акционерлік қоғам осы уақытқа дейін  Қазақстанның шағын қалаларында жедел басқару орталықтарын салу мен ұшақтарды аэронавигациялық сүйемелдеу жүйелерін құрудан бастап, ТКШ пен ауыл шаруашылығын цифрландыруға дейін – көптеген телекоммуникациялық шешімдерді енгізгізген жайы бар. Олар эксклюзивті тасымалды жерсеріктік байланыс кешендерін әзірлеп, өндірумен айналысып келеді.

Бір сөзбен айтқанда, ASTEL компаниясы сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, бұлтты сервистер және Заттар интернеті секілді цифрлық қызметтердің провайдері болып табылады.