Алматы облысында спутник қала салу жоспарланып жатыр

0

Осы жобаға сәйкес, Талғар қаласында Алматы қаласының маңындағы қалалық агломерацияны ұлғайтпақ. Жоба бойынша сапалы, жаңа технологияларға сай, адамдар үшін экологиялық және жайлы стандарттарға жауап беретін қалашық болады.

Жоба өңірдің ірі инвестициялық бастамаларының біріне болмақ және елге жергілікті және халықаралық инвестицияларды тарту орталығына айналады, сондай-ақ Талғар қаласының туристік тартымдылығын арттырады.

567 га аумақта әлеуметтік-тұрмыстық бірқатар нысан орналастыру жоспарланып отыр:

– жатақханалар, оқу кампустары бар студенттік қалашық;
– 6 мектеп;
− 12 мектепке дейінгі білім беру орталығы;
– білім беру кешендері;
– сауда-ойын-сауық орталықтары;
– бизнес-орталықтар;
– отбасылық демалыс саябақтары мен алаңдары;
– спорт кешендері;
– көппәтерлі тұрғын үй кешендері;
– қазіргі заманғы қалашықтар;
– клиникалар мен медициналық орталықтар;
– қонақ үйлер.

Осыған орай, Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков ханзада Бассам Омар Салам әл-Араби, Қалмақ Республикасының Тұңғыш президенті Кирсан Илюмжинов, Dinara Group негізін қалаушы Бақыт Атайбеков және инвесторлардың басқа да өкілдерімен кездесті.

Талғар қаласының болашақ дамуының іргетасы-символы ретінде алғашқы тас қаланды.

Talgar Eco city-экология мен озық инновацияларға ерекше назар аударатын заманауи сәулет және құрылыс технологияларының жаңа қала болмақ.