Алматы облысында отбасының цифрлық картасы арқылы жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 11 мыңнан астам адам пайдаланды
Алматы облысында Отбасының цифрлық картасы арқылы 11 мыңнан астам адам мемлекеттік қызмет алды.
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 87 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 11 мыңнан астам адам пайдаланды.
Естеріңізге саламыз, Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 19,5 млн-нан астам азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпарат жинақталған. Бұл бюрократияны, түсініспеушілікті, артық әрекетті азайтпақ. Цифрландыру арқылы азаматтардың өмірін жеңілдетпек.