Алматы облысынан адам сүйектері табылды

2024 жылғы 22 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады.
«Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып өткізіліп жатыр», — деп жазды ол.
Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.