«Жердің барлық тұрғындары Ғаламторға қосылуы керек»

0

Бернерс-Лидің пікірінше, интернет қаналушы тапқа дауыс берді, бірақ соның арқасында алаяқтар қылмыстың жаңа түрін жасауға мүмкіндік те алды. Ол қолданушыларды қордаланған ірі мәсеселерді шешу үшін ғаламдық веб-қауымдастық секілді бірігуге шақырды.

Ғалым Ғаламторға қосылғандар мен оған шығуға мүмкіндігі жоқтар арасы алшақтап бара жатқанын айтты. Сол себепті де интернетке қосылу мәселесі күн өткен сайын өзектілігін арттырып келеді.

«Бүгін әлемнің жарымы онлайнда отыр. Қалған жарымы автономды режимде қалмай, ғаламторды құруға өз үлесін қосуы тиіс», — деп есептейді Бернерс-Ли.

Тим Бернерс-Ли 30 жыл бұрын Ядролық зерттеулер жөніндегі еуропалық ұйымның (CERN) ғылыми қызметкері болды. Сол кезде ол институт ішінде ақпарат алмасудың жаңа қағидасын ұсынды, соның негізінде интернет пайда болды.

Abai.kz

Abai.kz