Желіде тараған видеодағы жан тапсырған жігіт танымал каскадер болуы мүмкін (видео)

0

Әлеуметтік желіде Хеллоуин мерекесіндегі жантүршігерлік жайттың видеосы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтының дерегін негізге алып.  Аталмыш видеода актер асылып тұрған адамның рөлін сомдамақ болған. Куәгерлердің айтуы бойынша, актер сол жерде жан тапсырған.

Бұл жайт «ТСБ» клубында орын алды деген бейресми дерек бар. Актер қауіпсіздік ережесі сақталмағандықтан қайтыс болған. Кейіннен инфарктан жан тапсырды деген дерек пайда болды.

«Бұл қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожиннің қайтыс болған сәті. Адамдар көз алдында қайтыс болған адамды көрмеген. Клубқа келушілерге тек ойын-күлкі болса жеткілікті, басқасына бас қатырғысы келмейді», деп жазған әлеуметтік желіні қолданушылардың бірі.

3 қарашаның таңертеңінде қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожиннің қайтыс болғаны белгілі болды.

Аталмыш жайт туралы құзырлы органдар ешқандай пікір білдірмеді.

«Қамшы» сілтейді