Үш «Ф» немесе үлкен бесік

0

«Мұншама экономикалық кризизтер мен тоқырауларға, кері кетулерге қарамастан Испания халқын қалайша 40 жылға жуық тыныш басқара алдыңыз?» деген сұраққа генералиссимус Франсиско Франко былай деп жауап берген деседі : «Сиқырлы үш «Ф» арқылы билікте ұзақ отырдым. Сонымен қатар халқымды мыңдаған адам сиятын бесікке салып тербеттім». Испания каудильосы Ф. Франконың үш «Ф»-сы FADO-FİESTA-FUTBOL болатын.

Яғни, FADO — арзан музыка, жын — ойнақ эстрада, FİESTA — көңіл көтеру, шоу бағдарламалар, FUTBOL — ойын, матч, жанкүйерлер, клубтар…

«Футбол болмағанда мен Португалияны мұнша ұзақ уақыт басқара алмас едім» деген Португалия премьер-министрі Антонио ди Салазар халқын 36 жыл «FEMENİ-FİESTA-FUTBOL» деп аталатын үш «Ф» арқылы басқарған. Яғни, FEMENİ — әйел, қыз — қырқын, FİESTA — көңіл көтеру, шоулар, FUTBOL — сол баяғы ойын.

Ал, 4 рет қатарынан Италия министрлер кеңесінің төрағасы атанған Сильвио Берлускони билікке келем дегенше «Милан» футбол клубын басқарған. Яғни, ол билікке келем дегенше үлкен «бесікті» қалай тербетуді, халқын қалай ұйықтатуды жақсылап меңгерген.

Сұрақ : Сіз қандай бесікте қалғып жатсыз?

Роман Бұрқаштың facebook парақшасынан

Abai.kz

Abai.kz