Урбанизация һәм Тәуелсіздік

0

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан -2050”  стратегиясында Қазақстан халқының урбанизация деңгейі  55% тен  70% ке дейін өсетіні айтылған. Бұл өз кезегінде қалалар арасындағы сапалы жол қатынастарының дамуына да себеп болмақ.

Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген мәселелерді қойып отыр. Солардың ішінде урбанизация үдерісін  айтуға болады.

Ол кез-келген халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады. 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 508,4 мың немесе 55,1%, ауылдықтар – 7 756,2 мың немесе 44,9% адамды құрап отыр. Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жөн. Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді. Мысал ретінде америкалық ғалым Адам Аланның айтуы бойынша ауылда тұратын тұрғындардың тез үйреніп алу қабілеті қалалық тұрғындарға қарағанда 3 есе жоғары кетеді. 2004 жылы жүргізілген қала мен ауыл адамдарынан тест алу барысында ауыл тұрғындарының 42,5% қабілетті болып шыққан ал қала тұрғындары 39% құраған.

Демек ауылдық адамдар жақсы дамыған, ол айтпасада белгілі ауылдық жерлерде таза ауа, егін шаруашылығы, керемет табиғат, ауылдың экологиясы қаланың экологиясына қарағанда бірнеше есе таза. Әрине егер қала дамитын болса, онда біз ауылдық жерлердіде дамыта аламыз.

Урбанизация үрдісі негізінен жастар категориясына әсері басқа топтарға қарағанда айтарлықтай, бұл ең алдымен модернизациялық дамуға орай олардың үлкен қалаларға жеке мақсаттарға байланысты (оқу, жұмыс т.б ) қоныс аударумен тығыз байланысты. Елдегі тұрғындар нарықтық қозқалыстарға бейімделе алмауына байланысты және жұмысқа деген бәсекелестік секілді әр түрлі мәселелер орын алып отыр. Бұл мәселелерге сонымен қатар «монетизация» түріндегі әлеуметтік қызметтер; жұмыссыздық және қайыршылық деңгейдің өсуі; өмір сүру жағдайы және халықтық бөлінуі, әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымының нашарлауы, ауылдық тұрғындар қалада жұмыс іздеу тапсырысының өсуі және басқада нарықтық қоғамда жарамсыз әрекеттер қосылды [4]. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыдан және қолдаудан айрылған аграрлық сектордың қызметі және инвестиция едәуір төмен болды. Бұл факторлардың барлығы жұмыссыздық деңгейiнің орын алуына және ауылдық тұрғындардың тұрмыс сапасының нашарлауына алып келді. Қалалар көпшілігінде алуан этносты болып келсе, ауылда бір этносты басым болып келеді. Егер, ауылды жерде дәстүрлі ұлттық мәдениеттің белгілері басым болса, ал қалада сан алуан этностардың түрлі мәдениетінің нышандарын кездестіруге болады. Қалада жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, театр, филармония, көрмелер және сол сияқты сан қилы мәдениетті құру және тарату құралдарының бай қоймасы шоғырланған болса, ал ауылды жерде бұл мүмкіншіліктер шектеулі. Қай заманда, қай қоғамда да тарихи дауылдардың, төңкерістер мен сілкіністердің ауыртпалығын ауыл тартты. Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздың – өзекті мәселелерінің бірі ауыл мен қала мәселесі. Осы ауыл мен қалаға қатысты негізгі мәселе қоғамымыздағы урбанизация процесі [5]. Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстан қоғамының дамуында урбанизация құбылысына үлкен мән беру керек. Урбандалудың қазіргі әсерінен елімізде үлкен – үлкен қалалық агломерация пайда бола бастады, ал кейбір ауылдар халықтан босап қалды. Бұл мәселеге мемлекетте араласып, реттеу тетіктерін іске қосқаны жөн болар еді. Қазақстан жері кең байтақ, ал онымен салыстыра қарағанда халқының саны аз. Мұның өзі халықтың қайта қоныстану үлгілерін жоспарлауды қажет етеді.

Осы бағытта  Қазақстан үкіметі 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын қабылдаған. Осы бағдарламада «жұмыс күшіне тапшы» аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күшін шақыру туралы айтылған. Содан бері әр облыс осы бағдарлама негізінде азаматтарды көшіру жоспарын жасауға кіріскен. Жыл санап бұл бағдарлама бойынша елдің оңтүстігінен солтүстікке көшіп жатқандардың саны артып келеді.

Азаматтарды қоныстандыру, жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі есепке алынуымен, еңбекке орналасуы бойынша мемлекеттік қолдау берумен, көшуіне субсидия төлеумен, сондай-ақ тұрғын үй мәселесіне жәрдем көрсетумен жүзеге асырылады.

Солтүстікке қоныс аударған оңтүстік азаматтарына жеңілдіктер мен қаржылай көмек ұсынылады. Нақтырақ айтсақ, республикалық бюджеттен бағдарламаға қатысушыларға және оның әрбір отбасы мүшесіне бір реттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері — 35 айлық есептік көрсеткіш, бұл 84 175 теңгеге тең.

Сонымен қатар, коммуналдық төлемдерді және жалға алынған баспананың ақысын төлеу үшін 12 ай бойы ақшалай көмек көрсетіледі. Қалалық жерге қоныс аударғандарға 48 100 теңге төленсе, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса — 60125 теңге, ал 5 немесе одан да көп болса 72 150 теңге төлеу қарастырылған. Ауылдық жерге қоныс аударғандарға бір жыл бойында ай сайын 36 075 теңге беріліп отырады. Отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 43 290 теңге, 5 не одан да көп болса — 50 505 теңге материалдық көмек көрсетіледі екен.

Ал баспана сатып алғысы келетіндер осы қаражаттың бір жылдық ақысын бірден алып, үй сатып ала алады. Мұндағы талап — отбасындағы кем дегенде бір адам жұмыспен қамтылуы керек. Бұл үшін жұмысты жергілікті билік, яғни елді мекендердегі жұмыспен қамту бөлімдеріне мамандығы бойынша жұмыс тауып беруін сұрап, өтініш жазу қажет.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/