Ұлттық экономика, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері лауазымдарынан босатылды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:
— Шаймергенов Тимур Төлегенұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен;
— Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.
Abai.kz