Үкіметте Суармалы жерлерді дамытудың 2028 жылға дейінгі жоспары бекітілді
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында 2028 жылға дейін суармалы жерлерді дамыту жоспары қаралды. Жоспар жобасын ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев таныстырды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — 3,5 млн га суармалы жерді суару суымен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің ауданы 1,4 млн га құрайды. Жоспарды іске асыру айналымнан шыққан, алайда қажетті 600 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіріп, жаңа 1,5 млн га суармалы жерлерді іске қосуды көздейді. Бұл тұста жалпы өнім 3,7 трлн теңгені құрамақ.
А. Евниев суландыру инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі халықаралық тәжірибеге сәйкес МЖӘ схемаларымен жеке инвестициялар арқылы қаржыландыру моделіне ауысуды ұсынатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл жерді пайдаланудың тиімділігін арттыруға, жинақталған жер үсті су ресурстарын көбейтуге, зәкірлік кәсіпорындарды құруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.
МЖӘ арқылы моделдердің ұсынылған схемасы халықаралық қаржы ұйымдарынан, БЖЗҚ немесе Қаржы министрлігінің кепілге алуы арқылы екінші деңгейлі банктерден инвестицияларды тарту үшін арнайы қаржы компаниясының құратын жеке әріптестіктің болуын қарастырады.
«2028 жылға қарай қалпына келтірілетін және жаңадан пайдалануға енгізілетін суармалы жерлерде бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 3 727 млрд теңгеге дейін суармалы жерлердің жалпы түсімінің өсімін 1 жұмыскерге шаққанда 5,8 млн теңгеге дейін өнімді өндіру өсімін қарастырады», — деді А. Евниев.
Бірінші вице-министр сонымен қатар бұл бағдарламаның тұжырымдамалық тәсілдері бизнес-қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен пысықталғанын хабарлады. Көптеген кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тарапынан жобаны іске асыруға қызығушылық бар.
Үкімет отырысында бизнес өкілдері деп сөз сөйледі.
Қазақстандағы Азия даму банкінің тұрақты өкілдігінің директоры Д. Капанелли Банк жуырда Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2019–2021 жылдар аралығында агросекторға 2 млрд долларға дейін инвестиция салу жөніндегі өзара іс-қимыл туралы ірі Меморандум бойынша жұмысты аяқтайды. Бұл меморандумның негізгі құрауышы суландыру құрылымдарын жаңғыртуды қолдауға бағытталған.
Өз кезегінде «Тамас» ЖШС директоры А. Пұсырманов инвестор ретінде бұл тәсілді толық қолдайтынын жеткізді, мұнда жеке серіктес іске асырыла бастаған кезден жобалау және салу бойынша шараларды өз бетінше ұйымдастырып, іске асыратын болады, ал аяқталған соң — өсімдік шаруашылығы жүйелерін пайдаланып, техникалық қызмет көрсететін болады, яғни суаратын сулар қызметін көрсетеді, бұл Қазақстанда алғаш рет қолданылады. Түркістан облысындағы Арыс қаласында 25 мың га аумақты алатын суармалы жерлерге жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша бұл кәсіпорын жобаны іске асыруға қызығушылық танытты.
«Атакент-Агро» ЖШС директоры Б. Мәлімов айналымға суарылатын жаңа жерлерді енгізу қажетті әрі өзекті жоба екенін айтты, ұсынылып отырған тарифтер де қолайлы. ҚР АШМ игеруді көздеп отырған жерлер азырақ суландырылған және сортаң әрі құмдауыт сулардың маңында орналасқан, қосымша жұмыстарды қажет ететін суландырылған аумақтарға қарағанда тиімділігі көбірек.
Мәселені қарау барысында Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев суармалы жерлерді дамыту бағдарламасы республикамыз үшін аса маңызды екенін атап өтті. Себебі, бүгінгі таңда суармалы жерлер егістік алқабының 7% құрайды. Бұған қарамастан, ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімінің 40%-ы осы суармалы жерлерде шығарылады. Кәсіпкерлердің барлығы суармалы жерлердің пайдасын түсінеді: жыл сайын суармалы жерлердің көлемі артуда. Тек биылдың өзінде 65 мың га пайдалануға берілді. Олардың арасында ең көбі — Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында. Ө. Шөкеевтің пікірінше, аталған қарқынды еселеп ұлғайту керек.
Егер Даму жоспары аясында 10 жылда суармалы жерлердің ауданы 3,5 млн га жетсе, онда болашақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің 70% дәл осы жерлерде өсірілетін болады. Ауданды ұлғайту ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауа-райы жағдайларына тәуелді болмауға жол ашады.
Өңірлерде суармалы егіншілікті дамыту туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов баяндады.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жоспар жобасы барлық мүдделі министрліктермен, өңірлермен келісілгенін атап өтті. Оны іске асыруға қажетті тұжырымдамалық тәсілдер жеке сектор тарапынан да қолдау тапты.
Жалпы Жоспарда 3,5 млн га аумақта суармалы жерлерді суару суларымен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл 4,5 есе жалпы түсім өсімін және еңбек өнімділігінің 2 есеге өсуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ 300 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, Жоспар шараларын сапалы әрі уақытылы іске асыру тапсырылды.
Түпнұсқа: primeminister.kz
Abai.kz
Дереккөз: https://abai.kz/