Түрікменстан билігі азық-түлік карточкаларын енгізуге жақын

0

Түрікменстанда кеңестік билік болған кезде Одақтан шығу үшін ешқандай әрекеттер жасалмады. ССРО ыдырағаннан кейін Түрікменстанның президенті болып Сапармұрат Ниязов қалды. 1985 жылы ол республиканың басшысы ретінде тағайындалып, ал 1992 жылы бұл елдің президенті қызметіне кірісті. Бұл тұлғаның жеке басы – өз атымен аңыз. Ең алдымен, ол – стандартты емес шешімдерімен танымал.

Президент бола отырып, Ниязов балетті, операны, Ғылым академиясының күшін жойды. Ол өзінің шешімін бір рет Ленинградта партиялық мектепте оқып жатқанда «Ханзада Игорь» операсына барғанын, бірақ ештеңе түсінбегенін жайып салды. Ол тек дәстүрлі түркімен музыкасын орындауға және тыңдауға мүмкіндік берді. Мектепке дейінгі білім беру тоғыз жылға қысқартылды, ал екінші өзгеріс – дене шынықтыру мектеп бағдарламасынан алынып тасталды. Сырттай білімнің күшін жойды. Түркіменбашы айлардың атауын өзінің құрметіне жаңашалады. Көшелердің стандартты атауы алынып, нөмірлене бастады.

Біраз уақыттан кейін Ниязов Түрікменстанның астанасында қалған барлық кітапханаларды жапты. Елдің ауруханалары да сондай күй кешті. Қысқасы, емделу қажет болса, астанаға барады және ешкім кітапты оқымайды.

♦Түрікменстанда тағы да нан жоқ

Түрікменстанның мемлекеттік аппаратында шетел дипломдары бар барлық лауазымды адамдар жұмыстан босатылды. Түрікменбашы шетелдегі білімге сенбеді. Мектептерге міндетті пән енгізілді – Рухнама. Бұл кітаптың өзін Ниязов жазған болатын. Онда ол түркімен халқының рухын барынша көтермеледі. Рухнама арқасында түрікмендер ақсақалдарға құрметпен қарауды, ұрлыққа жақын болмауды мақсат тұтты. Басқа оқу пәндері Рухнамаға сәйкес оқытыла бастады. Елде Ниязовқа табынушылық пайда болды. Түрікмен қалалары мен ауылдарында Ниязовтың алтын мүсіндері пайда болды. Ниязов әлеуметтік салада ең үлкен өзгерістерге қол жеткізді. Ол зейнетақыларды алып тастады, мүгедектерге мүгедектердің үйлеріне көшіп кетуге кеңес берді, олар көшелердің сырт көрінісін «бұзады» деп айтты.

Осының бәрі 2006 жылы Ниязовтың өліміне дейін созылды. Содан кейін елге Құрбанқұлы Бердімұхамедов басшылыққа келді. Түрікменбашы реформалардың көбін жойды. Алайда мемлекет жабық болып жатыр.

Соңғы ақпарат бойынша, Түрікменстанда халықтық тауарлармен, әсіресе нанмен, қамтамасыз ету үлкен проблемаға айналды: биылғы жылдың көктемінен бастап дүкендерде тұтынушылар арнайы кітаптарға жазылады және әр адамға екі бөлке наннан артық сатпайтын болыпты. Мұндай шектеу тек нанға ғана емес, қалған тауарларға да қатысты. Түрікменстан билігі азық-түлік карточкаларын енгізуге жақын. Жоғарғы оқу орындарында бірнеше рет аштықтан студенттер есінен айырылып құлаған.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті

«Қамшы» сілтейді