Трамптың бұрынғы заңгері президентті «өтірікші» деп атады

0

Коэн сонымен бірге «өзінің отбасын Трамптың қорқытуынан қорғау үшін» Конгреске келіп, куәлік етіп жатқанын айтты.

«Мен Трамппен жұмыс істеуге келісім бергенім үшін өкінемін. Мен ар-намысымнан аттап, Трамптың заңсыз әрекеттерін «жапқаным» үшін қатты ұяламын. Трамп – нәсілшіл, алаяқ және өтірікші. Мен Конгресс мүшелері алдында кешірім сұрағым келеді. Мен өткен жолы Трамп ісі туралы айтқанда, сіздерге өтірік айттым. Мен енді шындықты айтып тұрмын», – деді Трамптың бұрынғы заңгері.

«Ол қаранәсілді адамдар өзіне ешқашан дауыс бермейді, себебі олар топастар деп айтты бір сөзінде», – дейді Коэн Трамппен әңгімесін еске алып.

Коэн Конгресте Трамптың өтірігі туралы екі эпизодқа қатысты айтты:

  • Трамп Демократиялық комитеттің (АҚШ Демократиялық партиясының атқарушы органы) сервері бұзылатынын алдын ала білген және Демократиялық партия басшылығының өзара жазысқан хаттары Wikileaks-ке жарияланатынын білген;
  • Трамп Мәскеуде Trump Tower құрылысын жеке өзі бақылауына алған әрі бұл АҚШ президенттігіне сайлау кампаниясы басталған кезде жүрген.

Коэн осыған дейін Конгресте Мәскеудегі келіссөздер жайында куәлік берген. Бірақ ол кезде Трампқа қатысты шындықты айта алмағанын жеткізген. Енді бұл жолы ол «Мистер Трамп маған тікелей өтірік айтуға тапсырма бермеді. Ол басқаша әрекет етеді. Ол [Трамп] менің көзіме қарап, Ресейде ешқандай бизнесі жоқ екенін айтты. Ол осылайша маған Конгресс алдында өтірік айтуымды нұсқады», –деді.

Коэн сонымен бірге Трамптың Ұлттық демократиялық комитеттің (DNC) және Демократиялық партия серверінің бұзылатынын алдын ала білгенін жеткізген. Сервер 2016 жылдың 22 шілдесінде бұзылған.

Оның болжамы бойынша, Демократиялық партия басшылығының өзара жазысқан хаттары жарияланардан бұрын Трамп өзінің сайлауалды штбаының мүшесі Роджер Стоуннан ақпарат алған.

Ол болашақ президентке WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжбен сөйлескенін, ол бір-екі күннің ішінде демократтардың беделіне нұқсан келетін материалдар жарияланатынын жеткізген.

Трамптың өзі мұны теріске шығарып келген. Мюллер тобы сервер ресейлік хакерлердің қатысуымен бұзылған деп санайды. Ал бұл Трамп пен Республикашылдар партиясына тиімді болған.

2018 жылдың желтоқсан айында Трамптың бұрынғы заңгері Майкл Коэн Конгресте өтірік сөйлегені үшін және оның қатысуымен Трамппен сексуалдық қарым-қатынаста болған бірнеше әйелге ақша төлегені үшін (порножұлдыз Сторми Дэниэлс пен Playboy-дың бұрынғы моделі Карен Макдугал) үш жылға сотталған.

Коэннің Конгресте сөйлеген сөзінен кейін Трамп твиттерге Коэн –өзінің құқығын қорғаған көптеген заңгерлердің тек бірі екенін, ол түрме жазасын азайту үшін өтірік айтқанын жазды.

Президент сонымен бірге заңгердің «өтірік айтқаны үшін әрі алаяқтығы үшін» жақында ғана адвокаттық беделінен айырылғанын айтып, «Ол Трампқа еш қатысы жоқ жаман әрекеттер жасады», – деген АҚШ президенті.

Abai.kz

Abai.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз