Тазабеков: Бойжеткен қызға орамал орайластыра алмап едік, жалаңаш сәукеле киіп, саусағын көрсетті

0

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков төсін жалаңаштаған қыздың әрекетіне ашына ойын айтты.

Тазабеков кеудесін жалаңаштап, қазақтың сәукелесін киіп шыққан Шырын Нарчаеваның әрекетін сынады. Құндылықтың жойылып, ақпараттанып кеткен заманның зиянды тұстарып айтты.

“Бұған шектеу қойылар, бұл қыз ерсі әрекетін қояр, бірақ ертең екіншісі шықпай ма? Бұндай жағдайға жетуімізге не себеп болды. Қазір ақпарат заманы. Бұған ақпаратты жамандықты таратудың жолы еткеніміз себеп. Бір ақпараттан соң, екіншісін оқып, санамыз қорытып үлгермей жатыр. Одан ой түйіп, үлгілі нәрсе алып жатқан жоқпыз. Біреудің дәретханада отырып алып жазған жазбасына, сәждеде жатып пана сұраймыз. Адам да, заман өзгерді”, –  деп жазды ол желіде.

“Теледидарға шығарған дүние xалыққа жақсы тәрбиелік руxани дүние беруі керек. Ал мұндай жаңалықтардың теледидарға шығарудың түкке пайдасы жоқ, зиянынан басқа. Өскелең ұрпақтың миын құртады”, “Осыдан артық не айтуға болады? Айналайын, осындай ел қамын, болашақты ойлап отырған азаматтығыңа риза болдым. Өзіңдей елді ерте алатын азаматтарға Алла ұзақ ғұмыр берсін”, деп жазды желідегі жазылушылары.

 

Источник: Stan.kz