Ташкент-Астана-Ташкент жолаушылар автобусы жолға шықты

Өзбек ақпарат құралдарының хабарлауынша, маршрут 1646 шақырымдық жолды 27 сағат 30 минут жүріп өтеді. Жолақы — 312 мың сум ($37).
10 наурыздан бастап күнде бір рейс жолға шығады, одан соң күніне төрт рейске дейін көбейеді.
Автобус қатынасы өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің өткен жылы наурызда қабылдаған жарлығына сәйкес ашылғаны хабарланды.
Abai.kz