Тараз полицейлері Қытай азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырған

0

ҰҚК дерегінше, Қытайдан келетін заңсыз мигранттар арнасын Тараз қалалық көші-қон полициясы бөлімі қызметкерлері ұйымдастырған.

5 наурызда Тараз қалалық №2 сотының үкімімен осы іс бойынша көші-қон полициясы бөлімінің бұрынғы басшысы А. Зейдалиев төрт жарым жылға, оның орынбасары Б. Наурызбаев үш жарым жылға сотталды. Олар «лауазымын асыра пайдаланды» және «адамдардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырды» деп айыпталған.

Ал Қытайда туған У. Силамбек есімді азамат «делдал» болғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған «адамдардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырды» деген айып тағылған.

ҰҚК заңсыз жолмен келген Қытай азаматтарына Қазақстанда берілген құжат күшін жою мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.

Abai.kz

Abai.kz