Талдықорғанда «Ақынға тағзым» атты поэзия кеші өтеді

0
222

Жуырда Талдықорған қаласында керемет кеш өтеді. Жыр кеші. Өлең кеші.

Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалы мен Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби музейдің ұйымдастыруымен «Ақынға тағзым» атты поэзия кеші өтеді.

Шара Жыр Құлагері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына орайтастырылып отыр.

Әдеби шара 1-наурыз күні кешкі 17:00-де Жансүрігов ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталады.

Келіңіздер, көріңіздер! Тек бұл кешке қатысудың 2 шарты бар. Бірінші – шараға қатысушылар ұлттық киіммен келуі керек. Екінші – Ілияс ақынның екі өлеңін жатқа білуі міндет.

Abai.kz

Abai.kz