Сіздің жеке тұлғалық дамуыңызға қажетсіз ақпараттың бәрі — қоқыс
Әлеуметтік желі — тәрбие беретін/алатын/тарататын жер емес. Тәрбиені әке-шеше ғана береді, мектеп те, бала бақша да емес. Әлеуметтік желі — ақпарат тарататын ресурс.
⠀
Сіз қандай ақпарат жазасыз, естисіз, қабылдайсыз, сіздің миыңыз сонымен толады. Интернет пайдаланушыда ақпараттық иммунитет әлсіз болса, миы әлеуметтік желіде алдынан шыққан қоқыстың бәрін жұта береді. Сіздің өміріңізге, жұмысыңызға, болашағыңызға, жеке тұлғалық дамуыңызға қажетсіз ақпараттың бәрі — қоқыс. Кез келген осында отырған саналы адам ақпаратты фильтрлей алу қабілетіне ие болғанын қалар едім.
⠀
Ақпаратты таратудың Сократ айтып кеткен қарапайым қадамдары:
1) Ол рас па, шын болған дүние ме? Ақпараттың нақты, ресми дереккөзі бар ма? Жалған ақпаратты таратып, өзімді де, өзгені де алдап, заң алдында жауапқа тартылып қалмаймын ба?
⠀
2) Таратқан ақпараттың қандай пайдасы бар? Жұртқа ол ұнай ма? Аудиторияға қандай ізгілік/жақсылық/құндылық сыйлайды?
⠀
3) Сіз бөліскен ақпарат кімге қажет? Ақпаратты көрген адам негатив күйге түспей ме? Оның жүйкесін жұқартып, миына ауыр салмақ салмай ма?
Нұрлан Жанайдың facebook парақшасынан
Abai.kz
Дереккөз: https://abai.kz/