«Рухани жаңғыру ол Ленинді, Қайтадан жаңғырту деп ойлады ма?»

0

Демеңдер ақиқатқа алшақ отыр,
Жазылмас жасырғанмен қанша қотыр.
Бейбіт күнде біреулер кері кетіп,
Советтік саясат деп самсап отыр .
Оған дәлел Жетісуда комсомолдың,
жүз жылын тойлаймыз деп жар сап отыр .
Күн көсемді ұлықтау бұл мейрамын,
Алматы облысы да қарсы ап отыр.
Бюджеттен аударып он үш миллион,
Нансоғардың ауызына нан сап отыр.
Осылай бостандықтың ақ таңында,
бодандықтың қамытын аңсап отыр.

Құлдық сана сіңген бойларына ,
Қазақтың қарсы шықты сойылдарына,
Комсомолдың жүз жылын тойлағыштар,
Күн көсемді санадан жоймады ма?
Былтыры Алашорда жүз жылдығын,
Осылай ұлан асыр тойлады ма,
Мен білсем тышқан мұрынын қанатпады.
Апыр-ай, соншалықты ойжады ма?
Әлде олар Елбасы айтқан мақалаға,
Түсінбей басқашалай бойлады ма?
Рухани жаңғыру ол Ленинді,
Қайтадан жаңғырту деп ойлады ма?

Шұғайып Сезімхан

«Қамшы» сілтейді