Ресейден С-400 кешенін сатып алудан бас тартпаймыз

0

«С-400 кешеніне келер болсақ, келісім жасалған, одан бас тарта алмаймыз, С-400 кешінен соң біз С-500 кешеніне көшуіміз мүмкін», деп мәлімдеді Ердоған 6 наурызда 24TV түрік телеарнасына берген сұхбатында.

5 наурызда АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің әуе қорғаныс кешенін сатып алмауын Түркияға ескерткен. Олай болмаған жағдайда, Вашингтон Түркияны жаңа F-35 жойғыш ұшақтары жобасына қатыстырмайды.

Бұған дейін АҚШ Ресейдің С-400 кешені НАТО елдерінің қорғаныс жүйесіне сәйкес келмейтінін бірнеше мәрте ескерткен. Вашингтон өзінің «Пэтриот» зымыранға қарсы кешенін Түркияға сатудан бас тартуы мүмкін.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Түркия 2,5 млрд долларға С-400 кешенінің төрт дивизионын сатып алғысы келеді.

Abai.kz

Abai.kz