«Қытай тілі ағылшын тілінің орнын басатын әлемдік тіл бола алмайды»
Ли Куан Ю. Сингапурдың алғашқы премьер-министрі.
Қазір әлемде Қытай тілі ағылшын тілінің орнын басатын әлемдік тіл болуы мүмкін екені жайлы түрлі әңгімелер айтыла бастады. Тіпті, сенатор Дариға Назарбаева үлкен мінберден қытай тілін үйрене беру керек екені жайлы бірнеше мәрте мәлімдеме жасады. Соның әсері болар ҚХР-дың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо «Бейжің сарайы» қонақүйінде Қытайда білім алған қазақстандық студенттерге арналған жиын өткізіп, өз сөзінде: “Президент (Нұрсұлтан Назарбаев – автор) қытай тілін үйренуге кездейсоқ шақырған жоқ (Елшінің бұл ақпаратты қайдан алғаны түсініксіз. Елбасы қытай тілін үйренуге ешкімді де шақырған жоқ. Тек стратегиялық тұрғыда бұл тілдің маңызы бар екенін атап өтті). Енді Президент тапсырмасын орындау мақсатында біз Қазақстанда алтыншы Конфуций институтын ашу жағын ойлауымыз керек. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес институт жұмыс істеп жатыр. Қызығушылық жоғары және бес институт әлі шегі емес” депті. Біздің елде соңғы кездері осындай әңгімелер көбейе бастағандықтан да Сингапурдың алғашқы премьер-министрі, ұлты қытай Ли Куан Ю-дың қытай тілі әлемдік тіл бола алмайтыны жөніндегі мақаласын қазақшаға аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Ағылшын тілі — әлемде әлдеқашан жетекші орынға ие болған ғаламдық тіл . Ол тарихтың нәтижесі. Британдық империя ең алғаш 17-18 ғасырлардағы отарлау және өнеркәсіп революциясы кезіндегі көшбасшылық рөлі арқылы ағылшын тілін әлемнің көптеген жеріне таратты. Одан кейін АҚШ-тың экономикалық артықшылығы мен саяси көшбасшылығы ағылышын тілінің көптеген елдерде бірінші немесе екінші тіл болуына әсер етті. Бұл мемлекеттердің енді француз және испан тілі секілді тілдерге бет бұруы және осы тілдерді негізгі тіл ретінде қолдануы өте күрделі әрі қиын.
Мен қытай тілінің қандай да бір жағдайда ағылшын тілінің орнын басып, әлемдегі ең маңызды тілге айналу мүмкіндігін көрмей тұрмын. Қытай тілін ана тілі ретінде қолданатын адамдардың саны көп болғанымен, олар негізінен Қытайда тұрады. Қытай тарихта отарлаушы болған емес. Сондықтан да, қазіргі кезде оның ешқандай қытай тілін қолданатын отарлары жоқ. Ал, Англия, Франция, Испания секілді елдердің бұрынғы отарлары әлі күнге дейін сол елдердің тілінде сөйлейді.
Қалай болса да, қытай тілі — әлдемдегі басқа адамдар үшін үйренуі мен меңгеруі жағынан өте қиын тіл. Сіз иероглифтердің орнына латын әріптерінің транскрипциясын пайдалансаңыз да, әрбір қытай иероглифінің мағынасы (Әдетте бір буынды сөздер) төрт түрлі тон арқылы айқындалады. Менің ойымша, Қытайлар, қалай болған күндде, иероглифтен бас тартып, латын әліпбиін қолданбайды. Өйткені, олар өздерінің 5 000 жылдық тарихы бар тілімен мақтанады. Қытай тілі қазіргі әлемде қолданылатын көптеген тілдермен мүлдем ұқсамайды. Ол питкографиялық және иеографиялық жазу болғандықтан, оны әрқандай орфография немесе символдар арқылы төрт тонның ішінде дәл қай тон екенін анықтау мүмкін емес. Қытайда, әртүрлі аймақтардағы адамдар арасында екі тілде бірдей сөйлей алатын адамдар өте аз. Өйткені, ҚХР-да әр жердің диалект айырмашылығы өте үлкен. Ал Еуропада екі тілде сөйлей алатын адамдар өте көп. Өйткені көптеген Еуропа тілдері латын тілінен бастау алады.
Қытай мен Сингапурда аздаған қос мәденитті (ағылшын және қытай) элиталық қауым қалыптасқан. Бұл қауым ана тілінде (қытай тілі) жатық сөйлейтін және әртүрлі деңдейде ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын адамдардан құралған. Бұл жағдай негізінен сауда жасауды жеңілдету үшін пайда болған еді. Десе де, екі тілді бірдей жетік деңгейде меңгерген адамдарды табу өте қиын.
Қытай Шығыс Қытай теңізі териториясын қорғайтын әуе қорғанысы индетификациялық зонасын құрғанын жариялады (ADIZ). Негізгі себебі, Қытай өзіне жақын аймақтық ортаның шегарасын белгілегісі келді. Бұл әуе қорғанысы индетификациялық зонасының дау-дамай туғызуының бір себебі — Қытай осы зона туралы алғаш жариялаған кезінде аталған зонаның әдеттегі қолданылу аясынынан тыс талаптарын бекітуі еді. Бұдан басқа, бұл әуе қорғанысы индетификациялық зонасының Сенкаку аралдары (Қытайша Дяоюйдао) секілді даулы територияларды қамтуы еді. Әрі Жапонияның бұрын құрған әуе қорғанысы индетификациялық зонасымен қабаттасып қалған еді. Бұл кейбір сауда ұшақтардың қбаттасқан териториядан ұшып өткен кезінде екі түрлі басқару органдарының өзара қарама-қайшы нұсқау беру қаупін тудырған еді. Негізінде, әуе қорғанысы индетификациялық зонасы барлық теңіз айдыны мен әуе кеңістігіндегі еркін рейстерге кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл халықаралық заңдарда кеңінен қабылданған норма ретінде байланысы күн сайын терңдеп келе жатқан әлем елдері үшін пайдалы еді. Менің ойымша, бұл жағдай бойынша ешқандай өзгеріс болмайды. Егер екіжақты келіссөздер сәтсіз болса, халықаралық арбитраж немесе қарулы қақтығысқа ұласу мүмкіндігі ұлғая түседі. Десе де, Қытай секілді алып елдің халықарлық соттың шешіміне бағына қоюы екіталай.
АҚШ-тың 300 милион халқымен салыстырғанда 1миллиард 300 милион халқы бар әрі экономикасы үздіксіз өсіп келе жатқан Қытай осы ғасырда жалпы ішкі өнім бойынша АҚШ-тан асып түсуі мүмкін. Бірақ, осындай өзгеріс себебінен АҚШ-тың Тынық мұхиты аймағындағы ықпал ететін демаркациялық сызығында (Гуам және Гавай арладарынң арасында) өзгеріс енуі мүмкін.
АҚШ-тың Азия аумағында көптеген достары мен одақтастары бар. Алайда, АҚШ Қытайдың Азия аумағындағы мүддесі мен ықпалының артып келе жатқанын қаперде ұстауы тиіс. Осы аумақтағы көптеген елдер АҚШ пен достық қарым-қатынасын сақтағысы келсе де, Қытай бұл елдер үшін әлдеқашан ең ірі сауда серіктесі болып үлгерген. Қытай кәсіпорындарының интернационализациянуға ұмтылысы мен Қытайдың шетелге инвестиция салуы оның пайдалы қазбалар мен табиғи шикізат көздеріне аса зару екенін көрсетеді. Бұл жағынан Қытай өзінің теңіздегі күшті елге айналу амбициясын білдірді де. Сондықтан да, АҚШ-тың Азия аумағындағы елдермен байланысын нығайтуы аса маңызды. Барак Обама үкіметінің «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы күштер баланысын қайта қарау стратегиясы» АҚШ-тың дұрыс бағытқа қадам басқанын білдіреді. Бірақ, бұл стратегия міндетті түрде ұзақ уақытқа жалғасуы тиіс.
Сингапурдың алғашқы премьер-министрі Ли Куан Ю-дың 2015 жылдың 15 наурызында жарық көрген мақаланы қытай тілінен аударған Ермек Дүйсенқожа
Abai.kz