Қырғыздар Қытай елшілігінің алдында ереуілге шықты
Бішкекте Қытай елшілігінің алдында митинг өтті. Акцияға қатысушылар ҚХР билігінен Қытайдағы этникалық қырғыздарды қудалау мен қайта тәрбиелеу лагерьлерінен босатуды талап етті, — деп хабарлайды tengrinews.kz басылымы 24.kg сайтына сілтеме жасап.
«Сонымен қатар біз бүкіл шетелдік азаматтарды Қырғызстаннан бір ай ішінде кетуін талап етеміз. Соңғы 10 жылда шетелдік азаматтарға ҚР азаматтығын беру заңдылығын тексеру үшін комиссия құрылсын», — деді «Кырк чоро» қоғамдық қозғалысының төрағасы Замирбек Кочорбаев.
Кaktus.media мәліметінше, митингке шыққандар қырғызстандықтардың лагерьде жатқаны туралы нақты мәліметтің жоқтығын және тек интернет арқылы білгенін айтқан.
«Үкімет осының шын не өтірік екенін білсін. Егер жалған болса, халықты тынышталдырсын, біз алаңдап отырмыз. Егер шын болса, онда шара қолдансын», — дейді ереуілге шыққандар.
«Кырк Чоро» ұйымы өз талаптарын орындауға 30 күн уақыт берді. Осы мерзім аяқталғаннан кейін олар өздері қытайлар жұмыс істеуі мүмкін кеңселер мен компанияларға барып тексеретіндерін айтты.
«Бұл бірінші, бірақ соңғы акция емес, осы бағытта бірнеше акция өткізуді жоспарлап отырмыз. Өз отандастарымызды басқа елде езгі көруіне жол бермейміз. Бұл шамамен 50 мың қырғыз», — деді Шу облыстық қозғалыс кординаторы Бактыбек Нуралы уулу.
Таяуда ел президенті Сооронбай Жээнбеков Қытайдағы қайта тәрбиелеу лагерьлері туралы үндеулерге байланысты абай болуды және Қытай азаматтарының экспансиясы туралы қоғам арасында дүрліктіру шараларынан бас тартуды сұраған.
Abai.kz
Дереккөз: https://abai.kz/