Қостанайлық казактардың Тәуелсіздікті ұрғаны бар!

0
494

Мына суретте Чемпалов Виктор Генадьевич деген «Кустанайская община Оренбургских казаков» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, атаман. Екінші суретте облыс әкімі Архимед Мухамбетов бастаған Қостанайлық шенеунік қазақтар.
Қостанайлық белсенді жігіттердің айтуынша, оқиға Қостанай қаласында 26-28 қараша күндері, Филармония ғимаратында Президент жолдауын талқылау барысында орын алған.


Казактар атаманы қасындағы серігімен, мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпегені былай тұрсын, «тәуелсіз» Қазақстан республикасында бекітілмеген әскери киіммен жүруге болмайды деген Заң талаптарын бұзып тұр!
Казактардың тайраңдауын тыюдың заңды жолын талай мәрте айттым, әзірге естір құлақ жоқ…

(Абзал Құспан Facebook парақшасынан)