Қажылыққа велосипедпен аттанған Алматы тұрғыны көпшілікті таңғалдырды (фото)

0

Алматы қаласының тұрғыны Шымкенттен қасиетті қажылыққа Меккеге велосипедпен аттанды. Мұндай идея Талғат Жұмабековке бұрыннан келіпті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Талғат алдын-ала жоспар құрған. Оның сөзінше, жолға екі айдай уақыт кетеді. Талғат өзіне қажетті қасиетті Құран кітабын, дәрі-дәрмек, фотоаппарат және аздаған тағам алған.

«Қасиетті қажылық мен үшін сынақ емес, бұл дегенің қуаныш. Мен бірінші рет саяхаттап тұрған жоқпын. Велосипедім өте жақсы. Түркістаннан шығып, Шымқалада қонақ болдым. Жолға шамамен екі айдай кетеді, ақпан айының ортасы немесе соңында Меккеде боламын деп ойлаймын», — деді Талғат Жұмабеков.

NUR.KZ тілшісімен әңгімелесу барысында ер азамат қажылықты жоспарлау сәтінде көптеген мәселелер туындағанын, солардың ішіндегі бастысы – виза беру екендігін айтты.

«Егер жаяу баратын болсаң, неге екені белгісіз Меккеге виза алу өте күрделі. Ұшақпен – жеңіл. Бірақ мен жаяу барғым келеді. Сыртқы істер министрлігі осы мәселені шешіп береміз деп уәделерін берді. Мен мемлекеттік бағдарлама бар екенін естідім, бұл мәселе оңай шешіліп, шекарадан қиындықсыз өтемін деп ойлаймын, — деді ол.

фото: NUR.KZ

Мекеге баратын жол жоспарланып қойған. Келесі бағыт Ташкент қаласы.

Талғаттың бұрынырақ Еуропаға және басқа қалаларға саяхат жасағаны белгілі болды.