Қазақстанға түсті металл таситын түркімендер түркімен-өзбек шекарасында ұсталды

0

Жүк көліктерінің қожайындарының барлығы Түркіменстан азаматтары, олардың алтауы этникалық қазақ, екеуі түркімен екені анықталды. Барлығы тоғыз күннен бері Кёнеургенч этрапы полиция бөлімінің абақтысында отыр. 5 наурызда ұсталған сегіз адамға түсті металды контрабандалық жолмен тасыды деген айып тағылған. Бұл туралы Азатлык радиосының Түркіменстандағы тілшісі хабарлады.

Оның айтуынша, ұсталғандар түркімен-өзбек шекарасынан өтіп, әрі қарай Қазақстанға жол жүрмек болған. «Автокөлікке тиелген жүк декларацияланған», — деп хабарлады тілші.

«Олар Қазақстанға виза ала алмаған, сол себепті Өзбекстан арқылы өтпек болған». Тілші мәліметіне қарағанда, күдіктілер түсті металды Қазақстанда азық-түлік пен басқа да тауарларға айырбастап, Түркіменстанға оралуды көздеген.

Abai.kz

Abai.kz