Қазақстанда нәресте сатуды бизнеске айналдырғандар бар

0

Балалар үйінде жетімдер азайып барады. Әлбетте қуанарлық жайт.  10 жыл балалар үйінің тәрбиеленушілері 70 пайызға азайған. Бұрын 14 мыңнан асатын, қазір бес мыңға тарта. Осы орайда қазақ жетімін жылатпаған деген жақсы бір сөз ойға оралады. Расымен де асырап алушылар саны артқан. Соңғы он жылдағы мемлекеттік шаралар, қоғамдық ұйымдардың белсене араласуының жемісі деп топшылауға болады.

Бірақ осы тұста таяқтың екінші ұшы, мәселенің екінші қыры бар екенін айтқан абзал. Жалпы бала асыраудың мың сан машақаты өз алдына, кей пысықайлар нәрестені бизнеске айналдырып, табыс тауып жүр. Біз шағын ғана эксперимент өткізіп біраз жайтқа тап болдық. Бала асырап алғым келеді деп хабарландыру бергенім сол еді, «көк қағазың болса көп мәселе шешіледі» деушілер табыла кетті.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Ағатай дейді, Владик аға дейді, Владик, Гладик дейді».

Владик-гладик. Сары баланы қарындастары осылай атайды екен.

АЙМАН, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
«Владик біздің үйге келе салысымен бауыр басып кетті де, сосын балар үйіне барғысы келмеген соң асырап аламыз деп шештік. Қыздарымызды туған ағасындай жақсы көреді.

Екі қыздан кейін аға керек деп, ата-анасы балалар үйіндегі Владиславты бауырына басқан. 4 жылдан бері бірге тұрады… Бірақ бәрі бұндай оңай болса ше?

«Бала табу қиын, бала табу қиын, өте қиын».

Бұл келіншек — Қызылордалық. Бет-жүзін жасыруға келіскен соң, бала асырап алудың жайын жасырмай айтты.

«Просто бізде балалар үйінде ешқандай құнтақтағы бала жоқ. Таба алмайсыз ешқашанда. Олар посредниктердің қолдарында болады бала. Роддомдағылардың қолында болады. Бизнес дейді ғой, біз 500 мыңға өте арзан алық».

Естіген адамның төбе құйқасы шымырлайды екен. Сенбейін десек, статистика да сөзін растайды.

10 жыл бұрынғы есеппен салыстырсақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 70 пайызға азайған.
Дәл қазір…

ДУЛАТ ЖЕКЕБАЕВ, ҚР БҒМ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Онда 4 мыңнан астам біздің балалар тәрбиеленіп жатыр».

4 мыңның 87 пайызы ересек. Көбінің дамуында кінәрат бар.

АЛТЫНАЙ ӘУБӘКІРОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ:
«Бізде балалар бар. Зпр дейді, дамуы басқа өзінің жасына қараған балалардан әлдеқайда артта қалған. Былай қарап тұрсаң, әп әлдемі жап жақмаы бдала, ол әке шешесінің арақ ішіп, шылым шекеннің әсері деп ойламйыз. Өсекен оратсының әсері».

Ал ата-анаға дені сау әрі шақалақ керек.  Шақалақ өздеріңіз естідіңіздер, жоқ. Бірақ қалайда табу керек.

«Біз әйтеуір қазақпыз ғой, махниация тауып алдық. Бір ВК-дан мен жаздым, бала асырап аламын заң бойынша деп. Алаяқ қыздар өте көп болды».

Махинацияға біз де бардық. Айтқан Вкасына хабарлама қалдырдық. Бала керек деп. Жауап көп күттірмеді. Алғашқы болып 30 жастағы келіншек жазды.

— Сіз кім күтіп жүрсіз. Қыз ба ұл ма?

— Девочка.

Құрсағындағысы қыз болғасын бергісі келе ме деп ек…Өйткені бұдан бөлек 3 қызғалдағы бар оның.

«Жоқ, қыз болғаннан  кейін емес. Ол жолдасым тастап кетті. Карта ойнайтын еді ғой. Сол картаның буымен кетті де, біздерді тастап кетті уже неше жыл. Бір айлыққа қарап отырмыз ғой, әне аламын, міне аламын деп жүргенде срок өсіп кетіп тұр ғой уже».

Бағасы?

«Сонда екі ай 150 мың берсек болды ма? Иә, екі ай 150 мыңнан, сосын+0448 больничныйымды төлеп берсе болды».

Тағы бір қыз жазды. Онікі тіпті сорақы. Жасы 17-де. Әке-шеше, туған-туыс жүкті екенін білмейді.

-Жасың 17-де иә.

— Иә.

— Бала?

-Бала 6,5 айлық.

— Баланың әкесі не деп отыр?

— Отказ берген олар семьясымен!

— Кейін аналық сезімің оянып, бізге келіп жүрмейсің бе тақылдатып?

— Жоқ, әлі жаспын ғой.

Дәл осындай өрімдей қыздарды үгіттеп, баласынан бас тартқызатындар бар.

«Ана мен бала үйі деген бар екен ғой. Жаңағы екіқабат болып қалған қыздар әке-шешесінің үйіне бар алмайтын менің бір апатайым жұмыс істейді, сол апатайым айтқан ғой, сіңлімнің баласы жоқ деп, ой проблема емес, біз мына шеттегі любой қызды үгіттеп жібереміз де жаңағы алып берем баланы, лишь бы были зеленые бумаги деп айтыпты ғой».

Арын ақшаға айырбастады деген орталыққа біз де хабарластық.

«Ондай мәселемен айналыспаймын ғой. Беті аулақ Құдай сақтасын».

Иә, сақтасын. Әйтпесе мәселеңізді құқық қорғау орындары май шаммен қарар еді. Өйткені бала тауар емес. Тауар демекші, балалар үйінен асырап алған сәбилердің 20 пайызын кері қайтарады екен.

АЛТЫНАЙ ӘУБӘКІРОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ:
«Магазиннен киім сатып алсаңыз дүкеннен, ұнамаса қайтадан апарып жіберуге болады, немесе ұнамаған нәрсені алсаңыз, қайтадан апарып тастап кетуге боалды. Ал бала зат емес, материал емес, ол адам».
Бір кем дүние. Сол адам бірінде көп, бірінде жоқ. Жоқ дейтіндер көбейіп барады.

КҮЛЗИРА ИСЛАМҚҰЛОВА, ГИНЕКОЛОГ
«Мед институтты бітірген кезде 6 айда, 4 айда бір мәрте,  жылына 2-3 әйел келетін болса бедеулікпен, қазір әрбір бесінші отбасында бедеулік болып жатыр».

Себебі…

КҮЛЗИРА ИСЛАМҚҰЛОВА , ГИНЕКОЛОГ
«Жыныстық қатынас кезінде жұғатын аурулардың болуында. Екіншіден әрине, қоршаған ортамыз, ішкен тамағымыз, демалған ауамыз, соның бәрі әсерін береді».

Ал Владик сенесіз бе, бүгінге дейін өзін қазақпын деп ойлапты. Оған жаңа отбасы оның қазақ емес, орыс екенін айтқан. Владиславтың ойынша қазақша сөйлейтіндердің бәрі қазақ. Ал балалар үйінде бәрі мемлекеттік тілге судай екенін ескерсек, ол үшін бәрі бауыр. Айтпақшы, ол өз еркімен ислам дінін қабылдаған.
«Қазір ораза ұстап жүрмін және намаз оқимын!»

Владиктің де ақыл есі екі жыл кеш дамып келе жатқан. Мейірім мен махаббатың арқасында қатарластарын қуып жетті. Демек, Әкесі Арманның ұлын биіктерден көрем деген арманы алыс емес сияқты.

АРМАН ТЕЛЕВ, КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ:
«Маған Қ.Сәтбаевтың оқиағсы өте қатты әісер берді. Ол қиыншылық заманда агштан аш өліп жатқан балаларды алып, 50-ден астам баланы алып, соның ішінде 40-тан астам академик, генералдар тәрбиеледі. Сондықтан қиын кезде істеген әінремні ағаларымыщ көрсетіп кетукен жолы ғой, біз де соған тырысуымыз керек».