Қазақстан шикізатты емес секторды дамытуда Германия тәжірбиесін қабылдайды

0

Берлинде Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесінің стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі 11-отырысы өткен еді. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы atameken.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Қазақстандық делегация құрамында Қазақстан-Германияның Іскерлік Кеңесінің тең төрағасы және «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, сонымен қатар Ұлттық компаниялар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізі тақырыбы – инвестициялық жобалар мен екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға арналды.

Кездесуде Тимур Құлыбаев, соңғы төрт жыл ішінде Қазақстан мен Германия кәсіпорындары жалпы сомасы 2 млрд еуро көлемінде жиырмадан астам келісімшартқа қол қойылғанын айтты. Спикер барлық жоспарланған жобалар, әсіресе, Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерінің аясында  іске асырылатынына сенім білдірді.

«Германия бизнесі шикізатты емес секторға 90%-дан астам инвестиция салуда. Біз мұндай серіктестікті  қолдаймыз», – деді Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Үкіметтің кәсіпкерлік ахуалды жақсарту және шетелдік инвестицияларды тартуда жасап отырған шаралары туралы айтты.

«Атамекен» бизнес-қоғамдастықпен, оның ішінде шетелдік кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеп келеді. Олар мемлекеттің бақылау функциясын әкімшіліктендіруде қандай мәселелер барын бізге тікелей айтады. Инвесторларымыз Қазақстанда заңнаманы жетілдіру және жұмыс істеуге барынша қолайлы жағдай жасауға белсенді үдеріс жүріп жатқанын айтуда», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.

Тимур Құлыбаев агроөнеркәсіп кешені секторын дамытуда өзара ынтымақтастықтың келешегі зор екендігін атап өтті.

«Қазақстан үлкен территорияға ие мемлекет, бірақ бізге ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуде жаңа технологиялар және Еуразиялық экономикалық одақ, Қытай, Орта Азияның өткізу нарықтары қажет. Барлық жерде өнімімізді жеткізуге мүмкіндік бар, бірақ оған анағұрлым тиімді ауыл шаруашылығы өндірісі қажет. Германияда мұндай тәжірибе бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортымен айналыса алатын халықаралық компаниялардың бары түсінікті. Бұл бағытта да ынтымақтастық үшін әлеует жеткілікті», – деді Тимур Құлыбаев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Қазақстанда дуальді білім беру жүйесін енгізуде Халықаралық ынтымақтастық бағытында Германия қоғамымен (GIZ) өзара байланыстың маңыздылығын айтты.

«Қазіргі таңда бізде 280 колледж және 3 мың кәсіпорын дуальді білім беру әдісімен жұмыс істеп жатыр, бұл әдісті кезінде неміс әріптестеріміз ұсынған болатын. Аталған үдеріс адами капиталды тиімді дамытуға көмектесіп келеді. Сіздердің тәжірибелеріңіз Қазақстан үшін маңызды, бүгінде дуальді білім берудің нақты нәтижесін көріп отырмыз», – деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Жалпы, Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесі аясында бизнес-қоғамдастықтың барлық мәселелерін шешу көзделген.

Еске сала кетейік, 2017 жыл 11 шілдеде Астанада Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесінің стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі мерейтойлық 10-отырысы өткен. Кеңес Германияның Федералды президенті  Франк-Вальтер Штайнмайердің Астанаға келген ресми сапарына және Германияның  ЭКСПО-2017 көрмесінде Ұлттық күні шеңберінде неміс павильонының ашылуына орай ұйымдастырылды.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/