Қазақстан құрамасы 17-ші орын алды

0

Қазақстан студенттер құрамасы Ресейдің Красноярск қаласында өткен ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарында алтын медаль ала алмады.

2 наурызда алауы тұтанған Универсиада ойындары бүгін мәресіне жетті. 56 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысқан ғаламдық додада біздің елдің атынан 95 спортшы өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылар алтын медаль ала алмаса да, құрама қоржыны бос қайтқан жоқ. Ел спортшылары айтулы бәсекеде 4 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 17-ші сатыға тұрақтады.

Бірінші орында жарыс иелері Ресей (41 алтын, 39 күміс, 32 қола) құрамасы болса, екінші, үшінші орындарды Оңтүстік Корея (6;4;4) мен Жапония (5;4;4) спортлыраы иеленді.

ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар:  

Әсет Дүйсенов — күміс, шаңғы жарысы, спринт, (Қазақ спорт және туризм академиясы);

Шаңғыдан ерлер құрамасы (Әсет Дүйсенов, Олжас Климин, Никита Гридин, Иван Люфт) — күміс, эстафета 4х7,5 шақырым; Гридин Никита, Климин Олжас (А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті), Люфт Иван (Қазақ спорт және туризм академиясы)

Павел Колмаков — күміс, фристайл параллельді могул;

Элизабет Тұрсынбаева — күміс, мәнерлеп сырғанау, (Қазақ спорт және туризм академиясы);

Жанбота Алдабергенова — қола, фристайл могул, (Әл Фараби атындағы ҚазҰУ);

Шорт-тректен ерлер құрамасы (Денис Никиша, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев) — қола, эстафета 5000м; Никиша Денис, Қажғали Нұртілек (Қазақ спорт және туризм академиясы), Жақсыбаев Мерсаид, Шамуханов Еркебұлан (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)

Шорт-тректен қыздар құрамасы (Алия Әмірғалиева, Хадиша Бақытткереева, Яна Хан және Алена Волковицкая) — қола, эстафета 3000м. Хан Яна, Волковицкая Алёна (Қазақ спорт және туризм академиясы), Әмірғалиева Әлия, Бақытгереева Қадиша (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

Abai.kz