Қазақ мұнайына қазақтан басқаның бәрі бастық

0

Өткенде Қазақстандағы ірі мұнай компаниясына Қытай азаматы басшы болыпты деген әңгіме әлемжеліде сөз болды. Сөйтіп, іздеп қарасақ, расында солай екен. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры болып Лю Жиңшең деген тағайындалыпты. Әлгі Лю Жиңшеңнің нәмі қытай. Қазақ жерінде біраздан бері жүр. Жәй жүрген жоқ, басшылық қызметте жүр. «АйДан» дейтін компанияда президент, Бозашыда бастық болған. Әсірелегеніміз емес, қазақ мұнайын сорып, қазақтарға қожалық етіп жүр.

Бұл ақпаратты «qazaquni.kz», «qamshy.kz», «lada.kz» секілді бірқатар ақпарат құралдары жарыса жазды. Әлгі Жиңшеңнің қай жылы қай жерде басшылық қызмет еткенін тізіп жазды. Оның барлығын қайталап жатпайық.

Шындығын жазсақ, Лю Жиңшең қазақ мұнайына қожалық етіп отырған жалғыз қытай емес. Биыл қарашаның басында Ақтөбедегі «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында да басшылық ауысқан еді. Облыс басшысы Бердібек Машбекұлы қатысқан жиында аты дардай компанияның ұлты қытай басшы Биан Дыжы дейтін азамат тағы бір қытайлық Уаң Жуңжаңды қызметінен босатып, орнына тағы бір қытайлық Вэй Юшиаңды тағайындаған еді. Бұл 6 қарашада болған. Оны аталған компанияның ресми сайты хабарлап айтты.

Осымен біз қозғайық деп отырған тақырыпқа тұздық ретіндегі ақпарат тәмам. Бұл екі ақпарат қазақстандық БАҚ-та және әлеуметтік желіде қызу талқы болды. Осыдай кейін-ақ, «Ватсапта» бір топ қытай азаматының суреті тарай бастады. Олар Қазақстандағы мұнай компанияларында басшылық жасап жүр екен, сенсек. Бұл мақаланы жазуға себеп болған да осы ақпарат. Өйткені, өзекті. Қазақ мұнайына кімдер қожалық етіп отыр?

Біз Қазақстандағы мұнай компанияларына кімдер басшылық жасап жүргенін білмек болып, шолу жасадық. Шынымен солай ма?

Қазақстанда ірілі-ұсақты біршама мұнай компаниялары бар, белісіздер. Ауқымы үлкен трансұлттық компаниялардан бастап, ұсақ жеке-меншік компанияларға дейін айта берсең көп. Дейтұрғанмен, солардың ішінде негізгі деп айтылатыны «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», «Қазмұнайгаз» ҰК, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» және басқалары.

Осы компаниялардың Директорлар кеңесінде, директоратында кімдер отыр? Біз бұл ақпараттарды сол компаниялардың ресми сайттарынан анықтап білдік. Көріңіз, біле жүріңіз деп әрқайсысының есім-сойларын екшелеп көрсетеміз, енді.

«ТенгизШевройл» АҚ

Басшылық құрам:

Майкл Уирт, Директорлар кеңесінің төрағасы,

Тед Этчисон, ТШО Бас директоры,

Мұрат Мұқашев, Бас директордың орынбасары,

Имер Боннер, Өндірістің бас менеджері.

«Қазмұнайгаз» ҰК

Қазмұнайгаз – Қазақстандағы ең ірі Ұлттық мұнай және газ компаниясы. Оның активіне «Разведка Добыча «КазМунайГаз»», Казахойл-Ақтөбе (67%), Маңғыстаумұнайгаз (50%), Тенгизшевройл (20%), КазМунайТениз (20%), Қашаған (16,81%), ПетроКазахстан (33%) және басқа да компаниялар кіреді.

Директорлар кеңесі: 8 адам

Уолтон Кристофер Джон, Директорлар кеңесінің төрағасы, Тәуелсіз директор,

Грюал Балжит Каур, «Самрұқ-Қазына» АҚ мүддесін қорғаушы,

Уайт Стивен Джеймс, Тәуелсіз директор,

Дайер Филип Джон, Тәуелсіз директор,

Алик Айдарбаев, Сауат Мыңбаев, Ерлан Баймұратов, Ұзақбай Қарабалин

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Басшылық құрам:

Лю Жиңчең, Бас директор,

Чэң Юаң, директордың орынбасары,

Чэң Цзунсянь, коммерциялық жобалар жөніндегі орынбасары,

Бақыт Иманбаев, Бас директордың бірінші орынбасары,

Қазыбек Кийнов, орынбасар,

Нұрсерік Күдереев, орынбасар,

Жетібай Тулегожаев, орынбасар,

Мұрат Асабаев, орынбасар.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг»

Басшылық құрам:

Эдвин Роналд Блом, ҚПО Бас директоры,

Дженнаро Зуккаро, Бас директордың орынбасары, Өндіріс жөніндегі директоры,

Эдоардо Стефано Маури, Қаржы директоры,

Альберто Кастелли, Маркентинг директоры,

Маттео Грассани, Құқықтық мәселелер жөніндегі директоры,

Лука Мори, ҚПО Жобаларын жүзеге асыру жөніндегі директоры,

Маурицио Пинна, Жобаларды дамыту директоры, Шмидт Лора, Ұйымдастыру директоры,

Марат Каримов, Бас директордың орынбасары,

Нұржан Камалов, Үкіметпен байланыс директоры.

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ

Басшылық құрам:

Биан Дыжы, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы,

Вэй Юйсян, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директоры,

Ван Чжунцай, Директорлар кеңесінің мүшесі, CNPC Exploration and Development Company Ltd Директорының орынбасары,

Чжан Хунбинь, Директорлар кеңесінің мүшесі.

(Ескерту! Ақпараттар ескіруі мүмкін)

 «ҚазТрансОйл» АҚ

Директорлар кеңесі: 7 адам

Луис Коимбра, Тәуелсіз директор,

Фернандо Мачинена, Тәуелсіз директор,

Данияр Берілбаев, Директорлар кеңесінің төрағасы, Димаш Досанов, Бас директор, Нұртас Шманов, Ардақ Мұқышов, Серік Пірімбетов.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС

Аңшыбаев Амантай, Компания директоры

Мұнай-газ саласындағы жұмыс өтілі — 30 жылдан астам.«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ акцияларының 100 пайызы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа тиесілі.

Қазақстандық мұнай компаниялары:

Каспиан Тристар ЖШС «Өлі қолтық — 50%», Aday Petroleum, Жалғызтөбемұнай, Aral PetroleumТолқынмұнайгаз, Казполмунай, ХазарМұнай, АНАКО (Қырықмылтық — 81 %), Емиройл,  АЙ-ДАН МҰНАЙ, ҰК Көлжан (Тұзкөл, Солтүстік-батыс Қызылқия), Галаз и К (Солтүстік-батыс Қоныс), Актау ТРАНЗИТКазнефтехим-Копа және басқалары.

Ресейлік мұнай компаниялары:

Қазақстандағы негізгі ресейлік мұнай компаниялары — Лукойл мен Роснефть.

Лукойлдың үлесі – Теңізде 2,5%, Қарашығанақта 15%, Солтүстік Бозашыда 25%, Қарақұдықта 62,5%, Арманда 50%, Солтүстік Құмкөлде 33%, Қожасайда 33%, Әлімбекмолада 50%, Түпқарағанда 50%, Аташскийда 50%, Оңтүстік Жамбайда 12,5%.

Ал Роснефттың үлесі – Құрманғазыда 50%.

Америкалық және Еуропалық мұнай компаниялары:

Chevron-ның үлесі – Теңізде 50%, Қашағанда 16,81%, Қарашығанақта 20%.

Eni-дің үлесі – Қарашығанақта 25%, Қашағанда 16,81%.

Total-дың үлесі – Қашағанда 16,81%.

ExxonMobil-дің үлесі – Теңізде 25%, Қашағанда 16,81%.

Royal Dutch Shell-дің үлесі – Қашағанда 16,81%, Арманда 50%.

British Gas-дың үлесі – Қарашығанақта 20%.

Repsol YPF-тің үлесі – Оңтсүітк Жамбайда 25%.

Petrom-ның үлесі Тасболатта, Ақтаста, Түркіменде.

Maersk Oil – Дунга, Jupiter Energy-дің үлесі – Шығыс Аққарда.

Lancaster Petroleum-нің үлесі – Құмсай, Көкжидеде.

Қытайлық мұнай компаниялары:

Қазақстанның мұнайы нарығына Қытайлық компаниялар 1997 жылдан бері дендеп кірді.

1997 жылы Қытайлық CNPC Ақтөбемұнайгазды (Жаңажол мен Кеңқияқты) сатып алды.

2001 жылы Қытайлық CNPC Солтүстік Бозашының (Buzachi Operating Ltd) 50%-ын;

2006 жылы Қытайлық CNPC ПетроКазахстанды;

2006 жылы Қытайлық CITIC Қаражамбасмұнайдың 50%-ын;

2009 жылы Қытайлық CNPC Маңғыстаумұнайгаздың 50%-ын;

2013 жылы Қытайлық CNPC Қазмұнайгаздан Қарашағандағы ConoccoPhllips-тің 16,8%-ын сатып алды.

Азиялық компаниялар:

Inpex-тің үлесі – Қашағанда 7,56%.

Mittal Investments-тің үлесі – Қарақұдықта 37,5%, Солтүстік Бозашыда 25%, Оңтүстік Жамбайда 12,5%.

JNNK-тің үлесі – Құландыда 50%.

ONGC Videsh Ltd-дің үлесі – Сәтпаевта 25%.

Қазақтүрікмұнайдың үлесі – Сазтөбеде, Елеместе 49%.

Қазір Қазақстанда 3 мұнай өңідеу зауыты бар. Олар: Атыраудағы, Павлодардағы және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттары.

Ол жерлердегі басшылық құрам:

Атырау МӨЗ бақылаушы акционері ҚазМұнайГаз АҚ.

Ғалымжан Амантурлин – Бас директор, Басқарма төрағасы,

Нұрлан Кейкин – Басқарма мүшесі, департамент диреткоры,

Мұратжан Мұсайбеков – Басқарма мүшесі, Ұжымдық басқару бойынша Бас директордың кеңесшісі,

Нұрлан Шангереев – Басқарма мүшесі, Маркентинг бойынша Бас директордың кеңесшісі,

Элдар қарымсақов – Басқарма мүшесі, Ұжымдық құрылым жөніндегі Бас директордың орынбасары.

Павлодар МӨЗбақылаушы  акционері ҚазМұнайГаз АҚ.

Оспанбек Әлсейітов – Бас директор,

Дүйсенбек Көжекбаев – Бас инжинер, Бас директордың орынбасары,

Ермек Баймуханов – Бас директордың орынбасары.

Шымкент МӨЗ – бақылаушы акционері «ПетроКазахстан»

«ПетроҚазақстан Инк.» – бұл акционерлері болып «CNPC E&D» (67%) және «ҚазМұнайГаз» БӨ (33%) табылатын, мұнай және газды сатып алу, барлау, шығару және өндіру, сондай-ақ мұнай өнімдерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын компаниялар тобы.

Басшылық құрам:

Вэй Юйсян, «ПетроКазахстан Инк.» компаниясының Бас атқарушы директоры,

Инь Сянцин, Логистика мен маркетинг жөніндегі Вице-президенті,

Чжан Пинчжань, Алматы филиалының басшысы,

Ян Миньюй, Қаржы директоры,

У Линьган, «ПетроКазахстан Құмкөл Ресориз» Басқарма төрағасы,

Цзян Ши, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» Президенті,

Цзэн Сюйдун, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» стратегиялық жоспарлау жөніндегі вице-президенті,

Рүстем Бектұров, Стратегиялық коммуникация жөніндегі Вице-президенті,

Болат Көшербаев, «ПетроКазахстан Құмкөл Ресориз» Вице-президент,

Асқар Тұрысбеков, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» Бірінші вице-президенті,

Рақымжан Жанғабылов, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» модернизация және даму жөніндегі вице-президенті.

Түйін. Біз бұл тізімді әрі қарай да жалғай беруімізге болар еді. Біз сөз етпеген «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» т.б. мұнай компаниялары жетерлік. Дегенмен, айтпағымыз түсінікті болды ғой деген оймен осы жерден түйіндегенді жөн көрдік.

Біз сөз еткен ірі компаниялардың басшылығы кіл шетелдіктер емес, әрине. Бірлі-жарым қазағы бар ішінде. Дейтұрғанмен, көргендеріңіздей, сойы бөлек шетелдік шүрегейлердің қарасы көп. Бұл дегеніңіз, есігімізден ыржиып кіріп, ығысып төрімізге шыққан месқарын, мешкей миссионерлер мұнайымызды сораптап ішіп жатыр деген сөз.

Жеріміз мұнайлы, тіліміз шұрайлы, Құдай бізді ақ алтынға да, қара алтынға да қарық қылған, деп мақтанғанда Құдай-ау, алдымызға жан салмаймыз. Бірақ біздің көл-көсір байлықтың қызығын кім көріп жатыр? Жоғарыдағы компаниялардың дені «трансұлттық» деген теліме статусы бар компаниялар. Әлгі шүрегейлердің шалқая басып, талтая сиіп, кердеңдеп жүргені де сондықтан. Неге? Себебі, қара халықты былай қойғанда мұнай-газ саласындағы отандық компаниялар сол шетелдік инвестордың көңіл-күйіне тәуелді. Өйткені, олар инвестор.

Қазір Қазақстандағы ірі инвестор мемлекет Қытай екені өтірік емес. Кейбір деректерге көз жүгіртсек, еліміздегі мұнай өндірісінің 25 пайызы қытайлық компанияның бақылауында. Оны жоғарыда көрдіңіздер, көз жеткіздіңіздер.

Өкінішке орай қазақ мұнайының жарты Құдайына айналған Қытай әуелгі миссиясынан айнып, инвесторлық шекпеннің ішінде жат пиғылын жасамасына кепіл кім?

Қазірдің өзінде бірте-бірте осы елдің қожайынындай елдің заңына да, басқасына да қырын қарай бастады. Сөзіміз сұйық шықпасын, аз-кем мысал келтірейік.

Әріге бармай-ақ, қояйық, былтыр…

2017 жыл. Қаңтар айы. Қытайдың сол кездегі Қазақстандағы елшісі Чжан Ханхой сұмдық сөз айтты. Айтқанда да: «Қазақстанның қыздары қытайлық жігіттерді өте қызықтырады» деді. Осы сөзді басқа-басқа емес, Елші айтты.

«Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттерді өте қызықтырады. Қазақстандық қыздар өте сұлу, нәзiк, жоғары бiлiмдi, ата-аналарын, үлкен кiсiлердi сыйлайды, отбасыларын жақсы көредi. Дәстүр жағынан келгенде бiзде ұқсастықтар көп», — дедi ол.

https://baq.kz/kk/news/kogam/kitai_elshisi_kazakstandik_kizdar_kitailik_zhigitterdi_ote_kiziktiradi20170112_160800

2016 жыл. Наурыз айы. Жаңағы Елші Ханхой бізді қойып, Қазақстан билігіне доқ көрсетіп, дікеңдеп сөйледі. «Сіздер біздің кім екенімізді білесіздер ме?!»

«Олар (Қазақстан билігі – ред.) кіммен бетпе-бет келіп отырғандарын біле ме? Қытай – сіздердің көршілеріңіз, ол ешқашан қазақтар мен Қазақстанның мүдделеріне қол сұқпады, осы ұлттың, осы халықтың гүлденіп тұрған шағында да шабуыл жасамаған», — деді елші.

https://www.qamshy.kz/article/qitaydinh-qazaqstandaghi-elshisi-sizder-bizdinh-kim-ekenimizdi-bilesizder-me-vydeo.html

2015 жыл. Мамыр айы. Қытай компаниясында жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшыларды ҚХР әнұранын айтуға мәжбүрледі деген ақпарат тарады.

CNPC «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының қызметкерлері басшылық Қытай әнұранын айтуға мәжбүрлейтіндігін айтып, шағым түсірді.

https://turkystan.kz/public/article/3896-aktobemunajgaz-kyzmetcerleri-kytaj-anuranyn-shyrkauqa-mazhbur

2014 жыл. Қараша айы. Тағы да сол CNPC «Ақтөбемұнайгаз» компаниясындағы қытайлықтар қиқарлық жасап, республикалық маңызы бар жолға ала бөгет (шлагбаум) қойды.

Ақтөбе облысында шетелдік инвесторлар жерді заңсыз меншіктеп алған. Кеңқияқтан Ембіге апаратын республикалық жолдың бойына қытайлар бекет орнатып, рұқсатсыз ешкімді аттап бастырмай қойған.

http://alashainasy.kz/society/aktobe-oblyisyinda-kyitaylyiktar-joldyi-jauyip-tastagan-57441/

Айта берсең мұндай мысалдар жетіп артылады. Ең сорақысы-Қазақстанда отырып, аталмыш компания Қытайдың экономикасын көтеріп отыр.

Өкінішке орай, біздегі бүгінгі жағдай осы, міне. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөз бар ғой. Бүгінгі біздің жағдай, біздің Қазақстан дәл сол қақпақсыз қазан секілді көрінеді. Қара қытай қаптаса Бұхар айтқан, көріңді қазып жейді көмілулі дегенді естен шығармағанымыз дұрыс…

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz