Қалалардың Тәуелсіздіктен кейінгі дамуы

0

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары” деген болатын. Енді осы мегаполистердің даму бағыттарына жеке-жеке тоқталсақ.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиялық аймақтардағы ірі мегаполистердің бірі болып табылады.

Қала территориясында 170 ірі орта өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Алматы бүгіннің өзінде теледидар, кілем және кілем өнімдерін, нан және ашытқылар өндірісін жүзеге асырады. Қала кәсіпорындарымен жіп, маталар, шай, кіржуғыш машиналар, электрлі счетчиктер, жүк тасымалдайтын автомабильдер, қалпақ пен бас киімдер, маргаринді өнімдер, коньяк пен темекі өнімдері, 10 және одан да көп жолаушылар тасымалдайтын автомабильдердің мәнді көлемі шығарылады.

«АХбК-ОЗАТ» АҚ, «Автоқұрама зауыты» БК, «Алматы кілем» АҚ, «Ырысты — ВРЗ» АЖШС сияқты ірі кәсіпорын және құрылысы аяқталмаған обьектілердің тізімі, универсалды спорт кешені,, құрылысқа дайындығы 50 пайыз және одан да жоғары пайызды құрайтын тұрғын үйлердің құрамы (10 мың шаршы метр) қалаға инвестициялық тартымдылық берді.

Алматы күшті құрылыс кешеніне, темір жол, автомабиль және авиациялық кешенінің ірі тараптарына ие болып отыр. Қала шетел партнерлері мен біріккен өндірістің, белсенді сыртқы экономикалық қызметтің бар екендігін көрсетеді.

Алматы қаласы ірі өнеркәсіп, қаржылық, ғылыми, мәдени – білім орталық, республикалық мәні бар қала мәртебесіне ие, бюджетке жалпы республикалық түсімдердің 1/5 пайызын қамтамасыз етеді.

Қала экономикасында кейбір тұрақтанулар, сонымен қатар халық әкімшілігінің жоғарылату және салық салынатын негізгі кеңейту бойынша шаралар кешенін қабылдау бюджетке салықтық түсімдер мен басқа алымдар көлемінің тұрақты өсуі қала маңызын жоғарылатуда. Қала 2003 жылы мемлекеттік бюджетке 148,8 млрд.теңге сомасында салықтық және салықтық емес түсімдер жинағын әкелді. Бұл көрсеткіш 2002 жылмен салыстырғанда 17,1 пайызға көп екендігін көреміз.

Жоспарланған бюджет 10,6 пайызға орындалды, оның ішінде республикалық бюджетке – 14,1 пайызға, жергілікті бюджетке – 3,9 пайызға

Өнеркәсіптік секторлар өндіріс көлемін көбейтудің жаңа тенденциясы сақталуда. 2003 жылға өнеркәсіптік өнімнің алдыңғы жылмен салыстырғанда өнімділігі 10,6 пайыз құрады, ал 2001 жылы қаланың өнеркәсіп орындарымен оларды импортизация бағдарламаларына қатысуға тарту нәтижесінде 3 млрд.теңгеге жуық сомаға келісім шарт жасалған болатын. Осы жылы қала кәсіпорындарымен 3 жаңа өнім өндірісі жасалынды: «электромаш» АҚ – автомабильдерге құрамдыс бөлшектерді өндіруді, «істер» АҚ – резинотехникалық өнімдер, темір жол, жол үстін бекіту детальдарын жасауды қолға алғанын айтуға болады.

Төлеу қабілеттілігі жоқ кәсіпорындарды қалпына келтіру үшін инвестиция тарту бойынша шаралар қабылданған болатын. 125 аукцион өткізілді.
Бюджетке қарыздың 454 млн.теңгесі сөндірілді.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құру облысында басымдықты бағыт адресті сату мен қолданылмайтын обьектілерді кейіннен өз меншігіне алумен жалға беру арқылы шағын бизнесті қолдау болып табылады. 2004 жылы мемлекеттік меншікті жекешелендіруден бюджетке 520 млн. теңге түскен болатын.

Алматы қаласының территориясында мемлекеттік кәсіпорындар ғылым, мәдениет, білім және денсаулық сақтау салаларында, әлеуметтік салаларды сақталған.

Кәсіпкерлерге жекешелендірушілік көмек түрінде үстіміздегі жылы 85 обьект сатылған және жалға берілген, 546 жер учаскесі сатылған, тауарлар мен қыметтердің өндірісін дамытуға пәтерлерді қайта жабдықтауға 148 рұқсат берілген.

Өнеркәсіпте, саудада, қызмет көрсету және басқа да сфераларда заңды қызмет көрсету үшін кәсіпкерлерге жағдай туғызу есебінен көлеңкелі айналымдағы ақшалар азайып, бюджетке салық түсімдері көбейеді. 1998 жылмен салыстырғанда бюджетке төлемдер 4,5 есе көбейді.

Астана – бүкіл қазақтардың, қазақстандықтардың, тіпті барлық әлем жұртшылығының мақтанышы. Астана – дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің сұхбат алаңы, бейбітшілік пен рухани келісім, төзімділік пен тұрақтылық, жаңару мен даму алаңы. Елорда Елбасының тамаша ұлттық стратегиялық жобасы.

Астана қаласында «астана – әлем нүктесі, Еуразия жүрегі» деген жаңа астананың тууы жайлы онтологиялық идея іске асты. Астанада қазақ халқының тарихы мен постмодерн, ұлттық стилистика және жаңа зәулім ғимараттар мен үйлер бір арнаға түйісті.

Астананың ЮНЕСКО шешімімен 1999 жылы «Бейбітшілік қаласы» атағын алуы тегін емес. Ширақ да­мып жатқан Астанада әртүрлі үлгідегі азиялық күмбездер мен еуропалық ғимараттар үйлесіп жатқан Шығыс пен Батыс одағы қаланды. Қалада түрлі этностар бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, және де Астанада тұратын әрбір этнос қала өміріне республиканың еуразиялық тұтастығын құрайтын бірегей негізін ендіруде.

Астана «мәдениеттер мен халықтар достығы» аралына айнал­ды. Астананың басты құндылығы оның халқының, астана тұрғындары әлеуетінің, түрлі мәдениет, дін, кон­фессия өкілдерінің, ең бастысы республиканың жас астанасының жаңа тұрғындары санының күннен күнге артып келе жатуының өзіндік құндылықтарын сақтауынан тұрады.

Тарихи процестің заңды күшеюі ретіндегі бейбітшілікті, достықты, келісімді құруға мүмкіншілігі бар Аста­на өркениетаралық сұхбаттың мәдени орталығы болуда.

Біз ғалым және азамат ретінде өз міндетімізді тек біздің Отанымыз көлемінде ғана емес, ғаламшардың мәдени кеңістігінде осы бейбітшілік пен келісім ахуалын нығайту мен ынтымақтастықтан, жоғары қоғамдық борышымызды кеңейту мен жалғастырудан көреміз.

Астана тек ашық көкжиек пен кеңістік, қазіргі әлемнің қалыптасып жатқан рухани орталығы ғана емес, тұтас елдің туып, қалыптасу, өсу тарихы.

Қазір Астана тәуелсіз мемлекетіміз мүддесінің даму негізі арқылы көруге қажетті жаңа рөлді орындайды. Рес-публика астанасы ел нысанының ары қарай дамуына, қала жасауға арналған мерекелік шаралар ұйымдастыруға, қазіргі ақпаратты қоғам мүддесінің терең кірігуіне байланыс-ты көпвекторлы міндеттер орындай­ды. Астана жұртының өсуі жылдан жылға өндіріс, ішкі құрылым, бай­ланыс және қатынас жолдар, шағын және орта бизнес, білім мен ғылым, ауылшаруашылық бөлімі саласында белсенділік көрсетуде.

Сондай-ақ, мегаполис қатарына жуырда қосылған Шымкент қаласы да еліміздің эконосимкалық дамуына тікелей әсер етіп отыр.

Осыдан оншақты жыл бұрын небәрі 500 мыңнан сәл ғана астам тұрғыны бар Шымкент шаһары бүгінде – миллиондар мекені. Өндірісі өркендеп, кәсіпкерліктің жандануы нәтижесіндеШымкент ірі орталыққа айналды. Мегаполистің тұрғындарына қажетті нысандар қазіргі таңда қаламызда бірінен соң бірі іске қосылып келеді. Қала мен елдімекендерді жалғайтын жолдар жөнделіп жатыр. Бала туу көрсеткіші жоғары шаһарда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің де саны артуда. Мәселен, былтыр Шымкентте 25 тұрғын үйге тапсырыс берілген болса, биыл 58 тұрғын үй салынды. Яғни, екі еседен аса көбейіп отыр деген сөз. Сондай-ақ былтырдың өзінде қала аумағында 5 бірдей саябақ бой көтерді. Бәрі де халықтың игілігі үшін! Өндіріс, кәсіпкерлік, құрылыс саласының қарқынды дамуы нәтижесінде соңғы 3-4 жылда қала қазынасы екі есеге жуық өсіп отыр. Тұжырып айтсақ, Шымкентті әлемдік түсініктегі мегаполиске ұқсаттыру үшін қазір қолдан келетіннің барлығы жасалуда.

Жеті айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 250,8 млрд теңгені құрады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға 2018 ж. 1337,7 млн теңге бөлініп, оның ішінде жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін — 247,2 млн теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін — 184,8 млн тг, жастар іс-тәжірибесіне — 618,3 млн тг, қоғамдық жұмыстарға — 284,4 млн тг жұмсалған.
Алдағы уақытта да Шымшаһардың дамуы үшін іргелі жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Қорыта айтқанда, Н.Назарбаев “Елдің болашағын ойлай отырып, әуелі экономиканы өркендетуге барынша күш салған осы 27 жылдағы еңбегіміз өз жемісін беріп отыр. Алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің мәртебесін жетілдіру, оның абыройын дүние жүзі алдында асқақтату, Қазақстанның беделін сақтау бізге оңай соққан жоқ” деген болатын.
Сондықтан, алдағы уақытта да мемлекеттің мәртебесін арттыруда Елбасының іргелі істерін қолдай отырып, әр азамат елінің өркендеуі үшін үлес қосуы қажет.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/