Қайтыс болса да, ақша табатын жұлдыздар кім?

0

Forbes журналы бұл дүниеден өтіп кетсе де, ақша таба беретін жұлдыздардың  рейтингін жасапты.

Тізімнің басында атақты әнші Майкл Джексон тұр. Оның былтырғы табысы 400 миллион долларды құрайды. Екінші орындағы Элвис Преслидің табысы 40 млн доллар екен. Кәсіби голтфшы Арнолд Палмер ($35 млн) 3-орында.

Рейтингте карикатурист-суретші Чарлз Шулц ($34 млн), ямайкалық музыкант Боб Марли ($23 млн), балалар дәрігері Доктор Сиюз ($16 млн), Playboy негізін салушы Хию Хефнер ($15 млн), актриса Мерилин Монро ($14 млн), әнші Принс ($13 млн), «Битлз» әншісі Джон Леннон ($12 млн), репер әнші Джасей Дуэейн Онфрой ($11 млн), атақты боксшы Мұхаммед Әли ($8 млн) және сән моделі Бетти Пейдж ($7 млн)  бар.

«Қамшы» сілтейді