Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов — Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын — Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды — Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев — Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Abai.kz

Abai.kz