Қ.Тоқаев Чехия және Жапония елшілерімен кездесті

0

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Республикасының Қазақстандағы елшісі Элишка Жигованы және Жапонияның біздің еліміздегі елшісі Итиро Кавабатаны дипломатиялық қызметтерінің аяқталуына байланысты қабылдады.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен сол мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтудағы нәтижелі әрі ауқымды еңбектері үшін елшілерге алғыс білдірді.

Қ.Тоқаев Чехияға қатысты біздің мемлекеттеріміздің арасындағы ең жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар, оның ішінде заң шығару органдарының үнқатысуы қарқынды сипатқа ие болғанын атап өтті. Чехия Парламенті қос палаталарының басшылары Астанаға бірнеше рет сапарлап келген болатын.

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық туралы айта келіп, Сенат Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы қараша айында Жапонияға жасаған сапарының ерекше маңызына тоқталды. Қ.Тоқаев Жапония Парламентімен қатынастарды одан әрі нығайтуға ықыласты екенін айтып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың зор келешегін атап өтті.

Қ.Тоқаев елшілерге алғыс хаттарын табыстады.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/