Отбасылық академиктер мен лауреаттар туралы
Меніңше, кез келген шенеуніктің отбасы «осы әкемізге-жолдасымызға салқынымыз тиіп кетпесін, оның ел алдындағы беделіне кір келмесін» деген қағидамен өмір сүруі тиіс секілді.
Ертеректе біз, оппозиция, президент отбасы мүшелерінің саясатқа, үлкен бизнеске, мемлекет істеріне, қауіпсіздік ісіне, монополиялық БАҚ саласына тым белсенді араласуын сынап жүр едік. Бізді, оппозицияны, қудалауға да олар тікелей араласып кетіп, қанымызды ішіп еді!
Енді ол сынымыз жаңа сапалық деңгейге көшіп жатқан сыңайлы.
Президент отбасының мүшелері академик және мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болып жатыр.
Бәлкім, олар ерекше жаратылған талант да болуы мүмкін.
Бірақ, жөнін білген отбасы мүшелері: «онсыз да сынға ұшырап жүрген әкеміздің соңынан сөз ереді әрі нағыз ғалымдар мен жазушылардан ұят болады», — деп ондай жасанды атақ-дәрежеге ұсынып жатқанның өзінде қарсы болуы керек еді деп санаймын!
Әміржан Қосановтың Facebook-тегі жазбасы
Abai.kz
Дереккөз: https://abai.kz/