Өскемендегі Халифа Алтай мешітінен естеліктер

0

Өскемендегі мына мешіт Халифа Алтай атамыздың атында екен. Осындай зәулім ғимараттың дәл сол кісінің есімімен аталғаны қуантты. Өйткені ол кісінің Құранды алғаш болып қазақшаға аударғаны өз алдына ғаламат еңбек болса, тәуелсіздік алғаннан кейін елге оралуы тіпті ерекше хикая.

Халифа атамыз сонау 1991 жылы Түркия көшелерінің бірінде келе жатып Қазақстанның тәуелсіздік алғанын радиодан естіпті. Ести сала көзіне жас алып, тұрған жерінде шүкір сәждесін жасапты. Сосын үйіне келіп кемпіріне: «Бізге мұнда енді қалудың қажеті жоқ. Еліміз тәуелсіздік алыпты, Отанымызға қайтайық» деп бір-ақ сәтте жиналып, Қазақстанға алғашқылардың бірі боп көшіп келген деседі. Не деген жүрек 😢 Елінің үстіндегі не деген ниет! Елге келе сала дінге қызмет етуге кіріскен атамыз мұндай зәулім мешіттің атын иеленуге әбден лайық.

Өскеменнің маған тағы бір ұнаған жері саябағы болды. Ішінде түрлі ұлттардың үйлері салынған этноауыл бар. Көл де, жағажай да, орман да, музей де бір парктің ішінен табылады. Әдемі енді! Ал сіздерге Өскемен қаласы несімен ұнайды?

Марфуға Шапиян Инстаграм парақшасынан

«Қамшы» сілтейді