Министрлер ауыл — аймаққа өз аяғымен барып, нақты жағдаймен танысқаны дұрыс!
Президент өзінен кейін қосымша түсіндіруді қажет етпейтіндей бастамалар көтеруі керек қой! Бюджет ақшасына ел аралап жүрген делегациялар президенттен артып не айта алады?! Елдің де бүгінде көкірегі ояу, көзі ашық: қосымша түсіндірусіз де бәрін өздері түсінеді! Және де президенттің саясатын жүргізіп отырған жергілікті әкімдіктер бар емес пе? Олар түсіндіре алмай ма?
Жалпы мұндай ұйымдасқан сапарларды ескінің рецидиві деп білемін!
Әрине, Астанадағы министрлер ел ішіне барып, ол жақтағы тұрмысты өз көзімен көргені дұрыс. Бірақ жұртты бір залға жинап алып, баяндама жасау рапортомания мен көзбояушылыққа көбірек ұқсайды. Одан гөрі ауыл — аймаққа өз аяғымен барып, нақты жағдаймен танысқаны дұрыс болар!
Әлеуметтік желілер тағы бар. Мәселен, үкімет топтары неге осы Фейсбукте тікелей эфирге шығып, жұрттың сұрақтарына жауап бермейді? Олармен облыс орталығындағы кездесуге ауыл-аймақтан бара алмайтын қаншама адам бар?!
Әміржан Қосанның facebook парақшасынан
Abai.kz