Михаил Саакашвили: Мен ешкімнен кешірім сұрамаймын
Осыдан бірнеше күн бұрын Грузияда президенттік сайлаудың қорытындысы шыққаны белгілі. «Грузин арманы» партиясының атынан сынға түскен Саломе Зурабишвилиден кейінгі орынды алған Григол Вашадзе «егер президент болса, Михаил Саакашвилидің елде еркін жүруіне рұқсат беретінін» айтқан.
30 қараша күні ел астанасына келіп, өзінің оппозициялық жақтастарына қолдау көрсеткісі келген Михаил Саакашвили алайда ешкімнің алдына бармайтынын мәлім етті.
–Мен қазіргі президент Маргвелашвилидің де алдына барып тізе бүкпеймін. Ешкімнен де кешірім сұрамаймын, Егер сайлауға түсіп жатқан оппозицияның кандаидаты Вашадзе президент болса да, оның алдына бармаймын. Мен заңды жолмен өз құқымды қорғағым келеді. Мүмкін, қазіргі билік мені біреумен шатастырып жүрген болар. Грузиядан кетерде ештеңені алып кеткен жоқпын, барлығын да Президент кітапханасына тапсырып кеттім. Сондықтан қорқатын дәнеңем жоқ.
Менің ойымша, бұрынғы сотталған шенеуніктердің барлығы да бостандыққа шығуы қажет. Бірақ олардың саясатқа қайта оралғанын қаламаймын. Өйткені олар денсаулығын түзегені абзал. Ал саясатқа адал адамдардың келгені дұрыс. Барлығы да «ұлтшылдар билікке келеді» деп жатыр. Менің ойымша, таза адамдардың келгені жөн.
Мен Грузияға оралғаныммен, қандай бір лауазымға таласпаймын. Бірақ өз пікірімді ашық айтамын, ешкім де мені қорқыта алмайды»,– деді Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили.
Саакашвилидің бұлай деуінің жөні бар. Өйткені қазіргі билік «жемқорлыққа қатысы бар» деп оған айып таққаны белгілі. Сондықтан экс-президент алдағы сайлаудан кейін билікке жаңа адамдар келсе, өзін ақтап алғысы келетінін айтып отыр.
Ескерте кететін бір жайт, елдің жетекші партиясы «Грузин арманы» партиясы қолдап отырған Саломе Зурабишвилидің 38,64 пайыз дауыс алғаны белгілі. Ал оппозицияның атынан түскен Григол Вашадзеге халықтың — 37,74 пайызы дауыс берді. Енді екінші турдың сайлауы 2 желтоқсан күні өтетін болды.