Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

0

Бүгін ҚР Президенті Н. Назарбаев Сыртқы істер, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшыларын тағайындау, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін қайта ұйымдастыру туралы Жарлықтарға қол қойды.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығының мәтінінде.

Президент Жарлығымен бұған дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған Б. Атамқұлов ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Қ. Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР сыртқы істер министрі қызметінен босатылды.

Бұдан өзге, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып қайта ұйымдастырылуына байланысты Президент Жарлығымен Ж. Қасымбек ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалып, ҚР инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылды.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/