Мәсімов пен Ермекбаевқа генерал-майор атағы берілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Жарлыққа сай, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовке ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы, ал қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа генерал-майор шені берілді.
Abai.kz