Еуроодақ ресейлік жалған мәліметпен күресудің жоспарын әзірледі

0

Еуроодақ жалған ақпарат таратуда Ресей басты қауіп деп біледі. «Сириядағы соғыс, Украинадағы MH17 ұшағының апатқа ұшырауы және Солсберидегі химиялық шабуыл кезінде ресейлік жалған мәлімет тарату кампаниясы күшті жұмыс істеді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да бар. Енді басқа елдер де Ресейдің тәсілін үйреніп, жалған ақпарат тарату стратегиясын енгізуі мүмкін», – делінген Еуропалық комиссия ұсынған жоспарда.

Құжатта жалған ақпаратпен күресу үшін, арнайы институттар жұмысын күшейтуді ұсынады. Сонымен бірге сыртқы саясат мекемесінің стратегиялық коммуникация жұмысының бюджетін екі млн еуродан бес млн еуроға дейін ұлғайту қарастырылған.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/