Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен келісілген түрде, ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Аманұлы Кәлетаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Абай-ақпарат Primeminister.kz-ге сілтеме жасап.
Д. Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. ҚР Президенті Әкімшілігінің, білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген. 2007–2008 жылдары — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, 2008–2009 жылдары — «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, 2009–2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
2016 жылдың қазан айында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап — ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2018 жылғы сәуірден бастап ҚР қоғамдық даму министрі қызметін атқарған.
Abai.kz